Лекциялар курсы қарағанды 2021 №1 лекция тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті және Фольклор туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата20.11.2022
өлшемі380,41 Kb.
#159025
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
8f876e4a344b73779598a0620a8d5e36

Негізгі әдебиет
1.[1.8:1]; 2.[1.8:3]; 3.[1.8:31]; 4.[1.8:30]; 5.[1.8:32] 
Қосымша әдебиет: 
1.[1.8:10]; 2.[1.8:19]; 3.[1.8:20], 4.[1.8:22] 
 
№7 лекция тақырыбы: 
Шешендік сөздер, Шежіре 
ҮІІ апта. 5 кредит- сағат.
Лекция тезисі:
Халықтың рухани – мәдени өміріндегі ең бір ардақты өнердің бірі – 
шешендік өнер. Осынау қасиетті өнердің туын асқақтата желбіреткен көсем ойлы, тапқыр 
тілді, сұңқар үнді ділмар шешен-билер қазақ сахарасында демократияның жандануына, 
темірдей берік тәртіптің, имандылықтың, ізгіліктің қанат жаюына әсер етті. Ұлтының ұлы 
мұраттары мен ұлылығы, ірілігі мен бірлігі, саналылығы мен пәктігі, есендігі мен 
еркіндігі, намысы мен ынтымағы үшін, тәуелсіздігін қорғау, тұтастығын сақтау, қорғаныс 
қабілетін күшейту жолында күш – қуатын, білім – білігін сарқа пайдаланған, ауыздыға 
сөз, аяқтыға жол бермеген сол бір заманның жарқырап туған жарық жұлдыздары, 
мемлекет мәмлегерлері Үйсін Төле бидің, Қаздауысты Қазыбек бидің, айыр тілді Алшын 
Әйтеке бидің таспадай өріліп, кестедей төгілген тұрлаулы тұжырымды билік кесімдері, 
үлбіреген нәзік сезіммен, жан толқытарлық ғажайып құлшыныспен, терең тебіреніспен 
айтылған айшықты да асыл ойлары аспандай көнермейді, көктемдей қартаймайды. 
Осы уақытқа шейін шешен – билердің мейлінше дәл, ұтымды сөздері көркем сөз 
ретінде қарастырылып келгені белгілі. Негізінде, шешен – билер мемлекет тағдырын 
шешетін шынайы тұлғалар. Мемлекеттің көсегесінің көгеруі, дамуы нағыз шешен – 
билердің тегеуірінді өнерімен, өнегесімен, қызметімен тамырлас. Ол – тәртіптің тұтқасын 
ұстаушы, ұлтының салт – дәстүрін, рухани болмысының қасиеттерін, ерекшеліктерін 
бойына дарытқан текті тұлға, ереже – қағидаларына жүйрік әрі жетілдіруші дархан дарын, 
әлеуметті ілгері сүйрейтін, қызғыштай қорғайтын, жақсылыққа үндейтін үлгілі 
ұйымдастырушы. 
Сандаған ғасырлар мен замандарды шолар болсақ, сонау Шыңғыс хан тұсында 
жасаған Майқы би Төбейұлынан бастап, ойымызға Аяз би Жаманұлы, Мөңке би, Едіге би, 
Бәйдібек би, Әз Жәнібек, Жиренше шешен, Шоған би, әнет би, Қадірғали би, Досай, 
Ескелді, Балпық, Есей, Бекболат, Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Ақтайлақ, Бөлтірік, Сары, 
Сырлыбек, қарауыл Қанай би, Мәтжан, Қазанғап, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде
Зілқара, Алшынбай, Жанқұтты, Байкөкше, Бала би, Ноғайбай, Бөгенбай батырдың 
ұрпақтары Саққұлақ пен бапан сияқты «талғанда тіреу, сасқанда сүйеу» болған шешен – 
билер есімдері оралады. Олар қазақ жерінде әділдіктің салтанат құруы үшін һәм қиянат – 
зұлымдықтың арам шөптей қаптап кетуіне қарсы ұшан – теңіз қажыр – қайрат жұмсаған. 
Кемеңгерлікке, кісілікке құрылған билік. 
Ұлттық мәдениет тарихындағы кесек тұлғаның бірі – Есім ханның немересі, Салқам 
Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 – 1718 жылдарда хандық тізгінін мығым, бекем ұстаған. 
Халқының ынтымақшыл, ұйымшыл болуына көп үлес қосқан. Тәуке хан тұсында атақты 
«Жеті Жарғы» дүниеге келген. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Тәуке хан қырық атадан 
үздік шыққан 40биді таңдап, солармен ақылдасып, қорытындысында «Жеті Жарғыны» 
жүйелеген. Солардың ішінде үш жүзден шыққан қара судан қаймақ қалқыған, таңдайынан 
жарылған әйгілі билер Үйсін Төле би, Қаздауысты Қазыбек, Әйтеке ел есінде сақталған. 
Және де осынау қасиетті іске Тобықты Әнет би, Жағалбайлы Шеген би, Шақшақұлы 
Жәнібек, Есет, Қырғыз елінен Қоқым би, Қара Шыбын би, Қарақалпақтан Сасық би 
араласқан. Тәуке хан Қоқым би мен Сасық би арқылы сол елді басқарып отырған. Тәуке 
хан тарих сахнасына Билер кеңесін әкелді. Бұл халықтың жуан ортасынан шыққан үздік 
ойлы, дарынды, тапқыр тілді, алғыр ұйымдастырушылардың қалыс қалмауына даңғыл 
жол ашты. Ұлттың зердесінде сақталған, жадында жатталған жезтаңдай шешендігімен аты 
шыққан, үздік жаралған мінсіз жарқын бейненің бірі – азуы алты қарыс Жиренше шешен. 
Қазақтан өзге түркі, моңғол және үнді – европа халықтарының фольклорында Жиренше 


шешен туралы шығармалар кездеседі. Қазақ фольклорында Жиренше шешен жайлы 
ертегі, аңыз, әңгіме бір топ.
Ұлттық шешендік өнерінің ту ұстаушысы Майқы би, Аяз билер сияқты, Жиренше 
шешен де даналық, тапқырлық сөздерді өз заманының құдіретті билеушісі – ханмен өнер 
жарыстыру, білім салыстыру бәсекесі үстінде тудырып отырған.
Асан қайғы Сәбитұлы көшпелі халықтардан шыққан, болашақты болжаған көріпкел, 
сәуегей абыз, ғайыптан сөйлейтін көреген би, жырау біткеннің атасы, тереңнен толғайтын 
ойшыл сөз зергері. Асан қайғы текті тұқымнан шыққан, сегіз қырлы, бір сырлы Сәбит 
баласын жыраулық, ақындық, тапқырлық сияқты өнерге баулиды.
Би – шешендер мұрасы – ұлт, замана, мемлекет тағдырын, өмір, тіршілік, тұрмыс 
құбылыстарын, адамгершілік дүниесін жан – жақты қозғап, әділ таразылайтын, ғаламат 
тұжырымды, тұрлаулы пікірлер қорытатын, нәзік талдаулар жасайтын, туған халқының 
ақыл – ой дәрежесін, рухани болмысын танытатын теңдесі жоқ өмір оқулығы. Шешендік 
өнер тарихында әрқайсысы жеке бір дәуірге лайық осынау дүлдүл ділмәрлардың ойлау 
еркіндігі, кең құлаштылығы, ұшқырлық, тапқырлық, алғырлық қасиеттері, тілінің 
мейлінше оралымдылығы, салыстыруға сұңғылалығы, жалпыдан жекеге, жекеден 
жалпыға аналогиялық ой қорытуларға ересен зеректігі, сыншылдық қабілеті, логикалық 
жүйелілігі таңдай қақтырады. Билер сөзінде ұлт–азаттық, пәлсапалық, үгіт, әлеуметтік 
сарындар мол. Сымға тартқан күмістей нәзік сұлулық та, қоңыраудай сылдыраған әсем 
үнділік те, шықтай таза мөлдірлік те, от шашқан жалынды жігер де, майдан қыл 
суырғандай шеберлік те бар. Ұлттық шешендік өнердің тарихы мен теориясы, атап 
айтқанда, мәдени, саяси, рухани дәстүрлермен тамырлас. Ұлттық сананың кемелденуіне, 
мәдениеттің көркеюіне, дүниетанымның дамуына «билердің биі», «Жеті жарғы» заңын 
жасаушылардың ірі өкілі, тәуке ханның кеңесшісі, үш кемеңгер Төле бидің, Қаздауысты 
Қазыбек бидің, Әйтеке бидің ақылшысы Әнет бабаның, Абылай ханның Бас билері 
Байдалы мен Қарауыл Қанай шешендердің, көріпкел, қолбасшы Ескелді мен Балпық 
билердің және тағы басқа жүздеген санаткерлердің қайраткерлік ересен еңбегі қазақтың 
ескі сөздерінде айрықша аталады.
Шежіре, қазақ шежіресі (арабтың шаджарат-бұтақ, тармақ) халықтың шығу тегін, 
жаралуын баяндайтын тарихи естелік. Шежіре негізінен қарасөзбен, кейде өлеңмен 
жазылады, көлемі әрқалай болып келеді. Арғы ата-бабалардың тайпа, рулардың басталуы, 
таралуын көрсететін тізбе шежіренің және бір мағынасы бойынша, ол-тарихи жазба 
ескерткіш. Ру-тайпаларының өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми 
шежіремәдениеті елдердің бәрінде кездеседі. Шежіренің көп томдық жинағын Россия, 
Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдері баспадан шығарған. Қазақ 
шежіресі де Европа елдерінің шежіресі сияқты ең толық жинақтың бірі. Мұндай 
шежірелер 
Башқұрстанда, 
Өзбекстанда, 
Түркменстанда, 
Қырғызстанда, 
Сібір 
халықтарында да кездеседі. 
Қазақ шежіресінің қайнар көзін, бастау негізін білдіретін ұрпақтан-ұрпаққа мұра 
болып қалған қазыналар бар. Көшпелі халықтардың шежірелері құңды дерек көздері 
секілді, атадан балаға ауызша, жазбаша жеткен. Қазақ шежіресінің бастау көзі – көне түрік 
дәуірінде жатыр. Көне түрік жазба ескерткіштерінің алғашқы бастауы Күлтегін, Тоныкөк 
құрметіне арналған жылнамадан шежіренің көрінісін табуға болады. Бұдан кейінгі Рашид-
ад-диннің түрік-Моңғол шежіресі», Ұлықбектің «Шаджарат әл атрак», «Мүниз әл-ансабфл 
шафжарат» және 33 бетт 
3.Қазақ шежірелерінің түркі дәуіріндегі хатқа түсіп, жазылғанымен кейінгілерінің 
көпшілігі ауыздан-ауызға көшіп отырған. Жеті отбасын білуге шарт қойған халықтың бірі 
қазақтар еді. Мәселе шежірені ұмытудан туындап, оны өз алдына жеке әңгіме, арнайы 
жыр үлгісіне айналдырған. Ауызша айтылған көлемді эпикалық жырларға қосып, ата-баба 
тарихын дәріптеген. Осы орайда ұрпақтан – ұрпаққа ауызша және жазбаша беріліп келе 
жатқан шежірелерді тақырыптық жағынан былайша жүйелеуге болады: 
1. Жалпы шежіре 


2. Рулар шежіресі 
3. Тайпалар шежіресі 
4. Жеке адамдар шежіресі 
5. Қожалар шежіресі
Осы шежірелердің фольклорлық тұрғыдан дәріптеліп, ұрпаққа аманат қылғандығын 
білу ғылымның үлесіне тиеді. 
4. Шежірені дәріптесудің бір дәлелін эпостық жырлардан табамыз. Шежірені қазақ 
ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері бақсы-балгер, жыршы-жырау, ақын, 
сал-серілердің ауызша жатқа білгендігі туралы мағлұматтар ұщырасады. Сөз байлығын 
жан-жақты меңгерген, поэзияға жетік қазақ халқының өзінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен 
жер-суаттарына, музыкалық жинақтамаларына да шежіре деп қарайды. Сондықтан 
батырлық ғашықтық, тарихи жырларды айтушылар шежірені қалыс қалдырмай, өлең-
жырға өзек еткен. Батырлық эпоста қаһарманның ата-анасы бір перзентке зар болып, 
ақырында дүниеге келген бір атаның қуанышы, ер жеткенде бүкіл халық мақтанышына 
айналады. Қаһармандық эпоста тәңірге, әулие-әмбиелерге сыйынып өмірге келетін 
перзент ең алдымен ата-ананың тілегі, шаңырағына иелік ететін мұрагер қалдыру 
мақсатынан туған. Жырды айтушы ең алдымен батырдың шыққан тегіне назар аударуы 
сондықтан Мысалы: 
Кешегі өткен заманда, 
Қарақыпшақ Қобыланды- 
Атасы мұның Тоқтарбай, 
Халықтан асқан болды бай, 
Байлығында есеп жоқ. 
Айдалып бағып жойылды 
Төрт-түлік малдың бәрі сай. 
Жаз жайлауы көзді көл, 
Көзді көлді жайлаған 
Қалың қыпшақ жағалай,
Тоқтарбайдың дәулеті- 
Ішкені мас, жеген тоқ, 
Бай кедейдің көңілі жай. 
Қыс қыстауы қараспан, 
Қараспан көкке таласқан. 
Ат үйірінен адасқан, 
Қалың қыпшақ тізіліп, 
Қонса қоңыс жарасқан. 
Әліп таңба Қыпшақтың 
Атасы озған алаштан. 
(Қобыланды. –М.М). 
Егер бүкіл батырлық жырларды алып, одан шежіреге қатысты дерек іздесек, одан мол 
мағлұмат алармыз даусыз. Эпосты жасаушылардың заман ағымы, өмір шындығын дәл 
көрсету жолында керемет ізденістер жасағанын тарихи эпостан табамыз: 
Үлгі еткен Абылай қазақ ханы, 
Үш жүз түгіл алты алаш білген. 
Рахаттан қазақ үшін безіп кеткен,
Алла әмірімен артықша туған жан. 
Хан еді қазақтағы қолы жеткен. 
Үш жүздің баласына еңбек еткен. 
Атасы Абылайдың Уәліхан 
Өкпелеп хандық үшін ауып кеткен, 
Үргенішке жол тартып кеткен ауып


Нағашым Ғайып хан да соны тауып
(Абылай хан – М.Ж.) 
Абылай ханның арғы тегін шежірелей тарату оған қатысты жыр нұсқаларында 
бірінші- жырдың басталуында айтылса, екінші - Әбілмәнсүр (Сабалақ) өз аузынан 
баяндалады. Жырдың осылайша басталуның өзі белгілі тарихты көркем баяндаудың бір 
ерекшелігі. Абылайдың атасы Уәлі, нағашысы ХҮІІІ ғасырдағы Хиуа ханы Қайыпхан, 
одан кейінгі Әбілмәнбет, Төле би – бәрі де шежірелей баяндалып кеткен. 
Бұған нақты көз жеткізі үшін бірнеше тарихи жырлардан үзінділер келтірейік: 
Бір қисса сөз бастайын Қабанбайдан, 
Шын батыр болмаса сөз шығар қайдан. 
Соғысқан қазақ-қалмақ заманында,
Ерлігі жұртқа мәлім жорық айдан. 
Найманның ұруы Қаракерей, 
Таралып халық болып қанат жайған. 
Руы Қабанбайдың – Байжігіт ет, 
Бақ қонған Қыдыр дарып осы жайдан. 
(Қабанбай батыр. Т.М.) 
Айдабол он үш жаста би болыпты, 
Алтау екен өзінде бар баласы. 
Бәйбішеден Жанқозы, Малғозы деп, 
Кішісі Кенжеқозы бір данасы. 
Тайкелтір тоқалынан туған екен, 
Бұлар да үшеу екен бір анасы. 
Кенжесі Кенжеқозы жастай өлген, 
Айтылар сөз жүйесі солай келген. 
Үйсінде Қаратайдай ер болыпты 
Қызына Қаратайдың қалың берген. 
(Олжабай батыр –С) 
Аты – жөнін сұрасаң 
Дулаттан бастап таралған. 
Жаныстан бастап арналған. 
Жарылғамыс, Бәйдебек 
Таралғанның Бұқардан 
Біреуі еді Сырымбет 
.... Сырымбеттің ұлдары 
Жеке – жеке ауыл боп, 
Өсіп еді желілеп. 
Сырымбеттен таралған 
Жылқы айдармен алтау еді, 
Барлығының ішінде 
Өтеғұлдың ұлы көп. 
(Өтеген – Қ.Т.) 
Тарихи эпостан шежіренің негізін молынан тауып, үш жүздің ата-тегін таратуға 
болатындығын дәйектеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет