2. Тұрмыс–салт жырларының түрлері
а) Еңбек–кәсіпке байланысты өлеңдері. Төрт-түлік өлеңдері, аңшылық жыры, наурыз
өлеңдері.
б) Діни ұғымдарға қатысты наным-сенім өлеңдері: бәдік, арбау-байлау (қарақұрт,
жылан т.б. уын қайтару), жалбарыну (айға, күнге, бұлтқа, отқа, табиғат құбылыстарына
жалбарыну), бақсы сарыны, дуалау, бал ашу (жауырын қарау, құмалақ салу, кітап ашу),
түс жору, ұшықтау (үшкіру, дем салу, қағу), аластау, құрт көшіру, жын көшіру.
в) Әдет–ғұрып өлеңдері: алғыс, қарғыс, бата, амандасу, қоштасу, көрісу, аңсау.
Тұрмыс-салт жырларының үлгілері М.Қашқари еңбегңнен бастап, ХІХ ғасыр басындағы
А.Левшин, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев ,
М.Ж.Көпеев, Ә.Диваевтардың жазып алғандарын атап, бұл мәселеде Ш.Уәлиханов,
В.В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуіне назар аударылады. Сөйтіп қазіргі зерттелу
жайы
мен
клиссификациялаудың
мәселелері
А.Байтұрсынв,
Х.Досмұхамедов,
С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Уақатов, Ә.Қоңыратбаев еңбектерін негізге алып,
бүгінгі таңда Ш.Ыбыраев, Б.Абылқасымов, К.І.Матыжановтардың жаңаша жіктеулері
баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: