213
эпителиальді ұлпаға тӛсеніш қызметін атқарады, мүшелер арасын толтырады.
Дәнекер ұлпа зат алмасуды қамтамасыз ететін орта.
Дәнекер ұлпа
жасушалардан және жасуша аралық заттардан тұрады. Жасушалар мен
жасуша аралық заттың сандық қатынасы организмнің түрлі бӛліктерінде
әртүрлі болып келеді. Трофикалық маңызы бар ұлпаларда жасушалар ӛте
кӛп болады, ал аралық заттың механикалық элементтері нашар жетіледі.
Тіректік
маңызы бар ұлпаларда, керісінше, механикалық құрылымдар кӛп
болып, жасушалардың саны аз болады. Осыған
сәйкес меншікті дәнекер
ұлпаның бірнеше түрі ажыратылады:
борпылдақ дәнекер ҧлпа және тығыз
дәнекер ҧлпа, арнайы дәнекер ҧлпа.
Тығыз дәнекер ұлпа
қалыптасқан
және қалыптаспаған тығыз дәнекер ҧлпа болып екіге
бӛлінеді.
Дәнекер ұлпа күрделі құрылым, оның құрамында
ұрық мезенхимасынан
дамитын түрлі жасушалар, жасушалардың ӛлі ӛнімдері
болып саналатын
талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен,
хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе
қоймалжың аморфтық матрикс болады. Дәнекер ұлпаны құрайтын жасушалар
әдетте, бір-бірінен қашық орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: