212
2.3 ДӘНЕКЕР ҦЛПА
Дәнекер ұлпа мезенхимадан дамыған, оның құрамында кӛптеген жасуша
аралық заттар (талшықты
құрылымдар, аморфты заттар) мен жасушалар
дифферондарының қатары бар. Ішкі ортаның
тұрақтылығын сақтайтын
күрделі ұлпалар. Адам денесі массасының 50% астамы дәнекер ұлпадан
тұрады. Дәнекер ұлпа мүшелердің стромасын, ұлпалар арасындағы қабыршақ
– перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді.
Дәнекер ұлпаның қызметі
:
1
.
Трофикалық
– жасуша аралық зат айналасында орналасқан құрылымдарды
қоректік заттармен қамтамасыз етеді (эпителийді),
зат алмасу мен ағзаның
ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайды. Дәнекер ұлпаның аралық заты
арқылы су, тұздар, қоректік заттар тасымалданады.
Сондықтан жасуша
аралық зат
интегративті – буферлі орта
болып табылады.
2.
Қорғаныс -
ағзаны механикалық әсерлерден қорғайды (сүйек пен
шеміршек ұлпаларын), мүшелерге сыртқы ортадан бӛтен заттардың енуінен
сақтайды (фагоцитоз), жасушалық және гуморальдық иммунитетке қатысады.
3.
Тіректік
– дәнекер ұлпаның коллаген және эластинді талшықтары кӛптеген
мүшелердің негізін түзеп, пішінін құрайды.
4.
Пластикалық –
тіршілік ету жағдайларына
байланысты сол ортаға
бейімделу процесіне қатысып, мүшелер
дефектісін жойып, регенерациялық
қызмет атқарады.
5.
Морфологиялық
- ұлпалар комплексін қалыптастыру, оның ішінде кӛптеген
мүшелердің (бездердің) капсуласын, мүшенің
ішіндегі стромасы болып
саналатын перделерін түзіп, мүшелерге белгілі бір пішін береді.
Достарыңызбен бөлісу: