Негіздері



Pdf көрінісі
бет188/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

 
114 – сурет
Талшықты шеміршек 
1- изогенді топтар, 
2- коллагенді талшықтар. 
(anatomia.ucoz.com) 
 1 
 2 


229 
Шеміршек ұлпалары тіршілік барысында ӛсіп, қалыңдайды. Бұл процесс 
екі бағытта жүреді: 
1

Аппозициялық 
– шеміршектің сыртынан ішке қарай ӛсуі, бұл процесс 
шеміршек қабындағы хондробластардың бӛлінуі арқылы жүзеге асырылады; 
2. 
Интерстициальді
 – 
шеміршектің іш жағынан сыртқа қарай ӛсуі, бұл 
процесс изогенді топтағы хондроциттердің кӛбеюі арқылы жүзеге асырылады. 
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Қаңқа ұлпалары туралы түсінік. 
2. Шеміршек ұлпасы және оның жіктелуі. 
3. Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек ұлпасы. 
4. Эластинді немесе серпілмелі шеміршек ұлпасы. 
5. Талшықты шеміршек ұлпасы. 
6. Аппозициялық шеміршек. 
7. Интерстициальді шеміршек. 
8. Шеміршек жасушаларының түрлері. 
9. Шеміршек дифферондары және хондриогистогенезі. 
 


230 
2.4.1 СҤЙЕК ҦЛПАСЫ
Сүйек ұлпасы
- дәнекер ұлпалар ішіндегі жоғары маманданған, аралық 
заты минералданған ұлпаға жатады. Тірек функциясын атқарады, минералдық 
заттардың алмасуына қатысады. Сүйектің қызыл кемігінде қанның 
пішіндік элементтері түзіледі. Сүйектің тамыры мен қызыл кемігінде 
макрофагтарға айнала алатын жасушалар болады, сондықтан қорғаныш 
қызметін де атқарады (115-сурет). Сүйек — жасушалар мен қатты негізгі 
заттан тұратын известелген дәнекер ұлпа. Негізгі затының 30% жуығы 
коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70% 
бейорганикалық заттардан тұрады. Сүйектің негізгі бейорганикалық 
компоненттері гидроксиаппатит, сонымен бірге түрлі мӛлшерде натрий, 
магний, калий, хлор, фтор, карбонаттар мен нитраттар. Сүйекте 
минералдық тұздардың кӛп болуы оның мықтылығын ғана арттырып 
қоймайды, сонымен бірге қан мен басқа мүшелердегі кальций мен фосфордың 
қалыпты мӛлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек 
ұлпасында ағзада болатын барлық кальцийдің 97% дейінгісі жиналған, 
осыған байланысты оны ағзадағы кальцийдің депосы деп атайды. Кальций 
жетіспеген жағдайда қанқаның дамуында елеулі бұзылыстар байқалады. 
Сүйекте үнемі күрделі ӛзгерістер жүріп жатады. Сүйек ұлпасының 
морфофункционалдық қасиеті ағзадағы бұлшық ет қызметіне, қоректік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет