Негіздері


Эластинді немесе серпілмелі шеміршек



Pdf көрінісі
бет187/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Эластинді немесе серпілмелі шеміршек
ұлпасы адам мен 
сүтқоректілердің құлақ қалқаншасында, сыртқы есту жолында, кӛмекей үсті 
шеміршекте және кӛмекейдің кейбір шеміршектері – мүйіз және сына 
тәрізділерінде кездеседі. Құрылысы гиалинді шеміршек ұлпасына ұқсас. Түсі 
сарғыш, мӛлдір емес. Бұл шеміршек те перихондриймен қапталған, 
жасушалары изогенді топтар құрайды. Айырмасы жасуша аралық затында 
жіңішке коллагендік талшықтардан басқа жуан эластиндік талшықтар торы 
болады (113-сурет).
 
113 – сурет. 
Эластинді шеміршек 
 
1- изогенді топтар 
2- эластинді талшықтар 
(anatomy/tkani.shtml) 




228 
Серпілмелі шеміршек ұлпасында гиалиндік шеміршекке қарағанда 
жасушалардың изогендік топтары аз болады. Эластинді шеміршек ешқашан 
известелінбейді, ӛйткені аралық затында хондратин сульфаттары мен 
гликоген, липидтер аз болады, кальций тұздары байқалмайды. 
Талшықты шеміршек ҧлпасы
адам мен сүтқоректілердің
 
омыртқа 
аралық дискілерінде, санның жұмыр сіңірінде, жамбастың шат сүйектерінің 
байланысқан жерінде, тӛменгі жақ буынында кездеседі (114-сурет). Талшықты 
шеміршектің құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас, айырмашылығы коллаген 
талшықтарының шоғырлары параллель қатарлар құрап орналасқан.
Ал, шеміршек жасушалары коллаген талшықтырынан тұратын шоғырлар 
қатарларына, параллель қатар құра орналасады. Коллагенді талшықтар бірте-
бірте сиреп, гиалинді шеміршекке ӛтеді. Жасушалары хондроциттер жеке 
және топтасып та орналасады.
Шеміршек ұлпасының физиологиялық регенерациясы ӛте баяу жүреді. 
Бұл процесс кӛбінесе шеміршек қабында (перихондр) орын алған, аз 
маманданған прехондробластар мен хондробластардың бӛлінуі арқылы жүзеге 
асырылады.
Шеміршек байламдарындағы ӛзгерістерде немесе жарақаттарда изогенді 
топтағы жасушалар - хондроциттердің алатын орны ерекше. Біріншіден, олар 
бӛлініп, жойылған шеміршектің орнын толтырады. Екіншіден, регенерациялық 
қызмет атқаратын шеміршектің камбиальді жасушалары – субхондриальді 
сүйек ұлпасы болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет