228
Серпілмелі шеміршек ұлпасында гиалиндік
шеміршекке қарағанда
жасушалардың изогендік топтары аз болады. Эластинді шеміршек ешқашан
известелінбейді, ӛйткені аралық затында хондратин сульфаттары мен
гликоген, липидтер аз болады, кальций тұздары байқалмайды.
Талшықты шеміршек ҧлпасы
адам мен сүтқоректілердің
омыртқа
аралық дискілерінде,
санның жұмыр сіңірінде, жамбастың шат сүйектерінің
байланысқан жерінде, тӛменгі жақ буынында кездеседі (114-сурет). Талшықты
шеміршектің құрылысы гиалинді шеміршекке ұқсас, айырмашылығы коллаген
талшықтарының шоғырлары параллель қатарлар құрап орналасқан.
Ал, шеміршек жасушалары коллаген талшықтырынан тұратын шоғырлар
қатарларына, параллель қатар құра орналасады. Коллагенді талшықтар бірте-
бірте сиреп, гиалинді шеміршекке ӛтеді. Жасушалары
хондроциттер жеке
және топтасып та орналасады.
Шеміршек ұлпасының физиологиялық регенерациясы ӛте баяу жүреді.
Бұл процесс кӛбінесе шеміршек қабында (перихондр) орын алған, аз
маманданған прехондробластар мен хондробластардың бӛлінуі арқылы жүзеге
асырылады.
Шеміршек байламдарындағы ӛзгерістерде немесе жарақаттарда изогенді
топтағы жасушалар - хондроциттердің алатын орны ерекше.
Біріншіден, олар
бӛлініп, жойылған шеміршектің орнын толтырады. Екіншіден, регенерациялық
қызмет атқаратын шеміршектің камбиальді жасушалары – субхондриальді
сүйек ұлпасы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: