227
Перихондрдың құрамында жас шеміршек жасушалары — хондробластар,
сонымен бірге фибробластар мен фиброциттер және коллаген талшықтарының
жуан шоғырлары болады.
Олардың арасында борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпасының ӛте
жұқа қабатымен қапталған қан тамырлары және жүйкелер орналасқан.
Шеміршектің
орта
зонасының
хондробластары
бірте-бірте
дифференциацияланып
(жіктеліп),
хондроциттерге
айналады.
Олар
коллагендік талшықтар мен жасуша аралық аморфты затты синтездеу
кабілетінен ажырайды. Шеміршектің тереңгі
зоналарында хондриоциттер
дӛңгеленеді және амитоздық тәсілмен бӛліне бастайды. Бірақ, шеміршек
ұлпасының жасуша аралық заты тығыз болғандықтан, олар бір-бірінен
қашықтай алмай, клеткалардың изогендік топтарын құрайды. Изогендік
топтарды шеміршек капсуласы қоршайды.
Шеміршек ұлпасында қан
тамырлары болмайды. Шеміршектің қоректенуі перихондрдың тамырлар торы
арқылы қамтамасыз етіледі. Жалпы, шеміршекте жасуша аралық зат
оксифильді болады. Шеміршектің бұл түріндегі аралық затында
фибриллалардың коллагенді екінші түрі орналасқан. Аралық затта
хондронектин
деген гликопротеин болады, ол хондроциттерді жабыстырып,
тіректік қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: