Негіздері



Pdf көрінісі
бет189/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

115 – сурет
Сҥйектің жалпы 
қҧрылысы. 
 
1 – сүйек қабы, 
2 – сүйек жасушалары, 
3- сүйектің тығыз
заттары, 
4 – кеуекті заттар,
5 – қан тамырлары, 
6 – сүйек кемігінің
қуысы, 
7 – кеуекті заттың
сүйек перделері. 









231 
заттарға, ішкі секреция бездерінен бӛлінентін гормондарға, адам жасына 
байланысты ӛзгеріске ұшырап отырады. Сүйектің құрамында кӛп мӛлшерде су 
мен липидтер болады.
Сҥйек ҧлпасының жіктелуі
.
Сүйек ұлпасындағы аралық заттардың 
құрылыс ерекшеліктері мен физикалық қаситеттерін негізге алып, үш түрге 
ажыратады: 
1. Ретикулофиброзды – ірі талшықты; 
2. Пластинкалық – қабыршақты; 
3. Дентинді.
 
Ретикулофиброзды немесе ірі талшықты
сүйек ұлпасындағы жасуша 
аралық заттардың талшықтар ірі және әртүрлі бағытта ретсіз орналасқан. 
Мұндай ірі талшықты сүйек ұлпасы ұрықтарда және жаңадан туылған 
жануарларда кездеседі. Жануарлардың ӛсіп дамуы кезінде ірі талшықты сүйек 
жіңішке коллагенді фибрилдері параллелді ретпен орналасқан пластинкалық 
сүйекке айналады.
Пластинкалық немесе қабыршақты 
сүйек ұлпасының негізін 
коллагендік фибрилдердің тығыз шоғырынан тұратын сүйек пластинкалары 
құрайды. Пластинкалық сүйек ұлпасының құрылысы күрделі. Бір 
пластинкадағы барлық фибриллалар бір-біріне параллель орналасады. 
Кӛршілес екі пластинкадағы фибриллалар бір-біріне 90º бағытта, яғни 
перпендикулярлы орналасады. Кейбіреулері бір пластинкадан екіншісіне 
ӛтіп, олардың тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Пластинкалардың ішінде 
сүйектің жасушалары да орналасады. Пластинкаларының орналасуына қарай 
бұл сүйекті екі түрге бӛледі:
1. Кеуекті пластинкалық сүйек; 
2. Тығыз пластинкалық сүйек. 
Екі жағдайда да қан тамырлары мен жүйкелер тығыз байланысып, 
тұтас жүйе құрайтын пластинкалардан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет