234
секрециялау. Секреция кезіндегі ӛнімі проколлаген мен сүйек матриксінің
аморфтық компоненттері және кейбір ферменттер. Проколлаген коллаген
талшықтарына айналады. Остеобластар жіктеліп остеоциттерге айналады.
Остеоциттер
сүйектің дефинитивті (тұрақты) жасушалары, пішіні
жұлдыз тәрізді, кӛп ӛсінділі (117-сурет Б). Қалыптасқан ұлпада остеоциттер
бӛліну қабілетінен айырылған, жоғары дәрежеде мамандалған жасушалар.
Құрамында ірі ядросы мен әлсіз базафильді боялған цитоплазмасы бар.
Цитоплазмасында митохондрия саны аз және шала жіктелген Гольджи
комплексі орналасқан. Негізгі затының тығыз болуына байланысты
остиоциттер, ӛз пішіндеріне ұқсас ерекше қуыстарда орналасады. Қуыстардың
ұзындығы 22-25 мкм, ені 6-14 мкм және олардың іші сұйықтыққа толы
болады. Қуыстардан түтікшелер тарайды. Кӛршілес жасушалардың
түтікшелері бір-біріне ұласып, жалғасып жатады. Остеоциттер мен сүйек
түтікшелері
капсуламен
қоршалған.
Капсула
жіңішке
коллаген
талшықтарынан және белокпен қосылған полисахаридтен тұрады. Жасуша
аралық заттардың құрамында коллаген талшықтары мен аморфты заттың
мӛлшері аз болады және кальций тұздары бар. Сүйек түтікшелері мен сүйек
қуыстары арқылы ұлпадағы метаболизм процесін қамтамасыз ететін ұлпалық
сұйықтардың ағымы ӛтеді.
Достарыңызбен бөлісу: