Негіздері



Pdf көрінісі
бет194/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

118 – сурет
Сҥйек жасушалары
1 – остеокластар,
2 - остеобласт, 
3 - остеоциттер. 
(K.Redlich бойынша) 





236 
болады, олар: бағаналы, жартылай бағаналы, остеобластар (фиброциттердің 
бір түрі), остеоциттер болып жіктеледі. Бағаналы жасушалардан сүйек 
ұлпасындағы остеокластар дамиды, бұлар ағзадағы макрофагтардың бір түрі.
2.4.2 Сҥйектің мезенхимадан дамуы
Сүйектің ұрықтық дәнекер ұлпасынан дамуы шеміршек орнында 
дамудан бұрын басталады (119- сурет). Келешек сүйектің орнына коллагендік 
талшықтары кӛп және жедел кӛбейетін ұсақ жасушалары бар дәнекер ұлпасы 
пайда болады. 
Дәнекер ұлпасының жасушалары остеобластарға айналады. Синтездеу 
қабілетінің артуымен остеобластар аморфтық жасуша аралық зат пен
коллаген талшықтарын түзеді. Негізгі - жасуша аралық зат қалыптасқаннан
кейін остеобластар сүйек жасушасы – остеоциттерге айналады. Жаңадан 
пайда болған жасуша аралық зат мукопротеид пен коллагеннен тұрады. 
Коллаген талшықтарында мукополисахаридтер болғандықтан кальций 
жиналмайды, соның әсерінен онда минералды тұздар болмайды. Ондай сүйек 
тәрізді ұлпа жұмсақ болады, пышақпен жеңіл кесіледі. Дамудың келесі 
кезеңінде ұлпадағы органикалық фосфаттарды ыдыратып, минералдық 
тұздардың шӛгуін қамтамасыз ететін фосфатазалар кӛп мӛлшерде пайда 
болады. Осы кезде сүйек тәрізді ұлпаның жасуша аралық затында 
мукополисахарид молекулалары ыдырап, қалдықтары еріп, жасуша аралық 
заттың органикалық бӛлігі толықтай 95-99% коллагеннен тұратын болады. 
119 – сурет. 
Сҥйектің 
 мезенхимадан 
дамуы
1 – мезенхима
жасушалары,
2 - остеобластар, 
3 - остеоцит. 
(histology.narod.ru) 
 





237 
Мукополисахаридтік қабатынан айырылған коллагендік талшықтарда 
аппатиттің субмикроскопиялық кристалдары жинала бастайды. Коллагендік 
талшықтардың түзілуімен бірге ұсақ қан тамырларының маңында, ірі 
талшықты сүйек ұлпасының ішінде алғашқы остеондар пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет