Негіздері


Кеуекті немесе трабекулалық



Pdf көрінісі
бет190/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Кеуекті немесе трабекулалық
сүйек трабекула деп аталатын, бір-
бірімен байланысып жататын жіңішке сүйек элементтерінен тұратын тор. 
Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмақтың бағытына сәйкес 
келеді. Кеуекті сүйек ұрықтар мен ӛсуші ағзаға тән, ал ересек ағзада 
жіліктердің эпифиздерінде сақталады. Эпифиздердің кеуекті заттарында 
пластинкалар бір-біріне бұрыштар жасап орналасады, арасындағы ұяшықтарда 
сүйектің қызыл кемігі орналасады.


232 
Тығыз сүйек
қоршай орналасқан сүйек пластинкаларынан құралған кӛптеген 
цилиндрлерден тұрады. Әрбір цилиндрдің ортасында 
Гаверс каналы
деп 
аталатын канал болады. Осы каналдар арқылы қан тамырлары ӛтеді. Ортасында 
Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін 
Гаверс жүйесі
 
немесе
 
остеон
 
дейді (116-сурет). 
Остеон
— сүйектің тығыз затының құрылымдық 
бірлігі. Жілік сүйегі бір-біріне жанаса орналасқан остеондардың кӛптеген 
санынан тұрады. Сүйекте қан тамырлары кӛп болады. Сүйек пластинкаларының 
арасында сүйектің тірі жасушалары остеобластлар орналасқан қуыстар болады.
Остеобластлар жасуша аралық зат бӛліп сүйек ұлпасын түзеді. Гаверс 
каналында борпылдақ дәнекер ұлпасына оралған жүйке мен лимфалық 
тамырлар орналасады. Остеондар арасында қалған кеңістікті, аралық 
пластинкалар алып жатады.
Сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі, жілік сүйегін сыртынан қаптап 
тұрады. Сүйек қуысының ішкі бетін, ішкі негізгі пластинкалар астарлайды. 
Оны жұқа дәнекер қабықша — 
эндост
қаптап тұрады. Негізгі және
аралық пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес. 
Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырлар да 
болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі пластинкалар арқылы ӛтеді, 
басқалары Гаверс каналдарын ӛзара жалғастырады. Сүйекті, сүйек
қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер ұлпалық қабықша қаптап 
тұрады. Ол сүйек тіршілігіңде үлкен рӛл атқарады және екі қабаттан 
құралады. Ішкі және сыртқы. Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік 
және эластиндік талшықтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет