268
2.7 ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНИКА
Гистологиялық техника дегеніміз гистологиялық препаратты дайындау
процестерінің жиынтығы. Ереже бойынша гистологиялық препараттар
арнайы гистологиялық бояулармен боялған мүшелерден,
ұлпалардан
алынған қалыңдығы 5-15 мкм кесінділер.
Гистологиялық препараттар зерттеу мақсатына байланысты екі түрге
ажыратылады:
1.
Уақытша
– бір рет ғана зерттеу үшін қолданады. Уақытша
препаратты жасау үшін зат шынысына бір
тамша глицерин немесе су
тамызып, объектіні соған батырып, үстіне
жабынды шыныны
орналастырады.
2.
Тұрақты
– ұзақ сақталады, кӛп қайтара қолданылады.
Гистологиялық препараттар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1. Мӛлдір, яғни сәуле шоғырын ӛткізу үшін кесінділер ӛте
жұқа болады;
2. Контрастты, ол үшін препараттарды бояиды;
3. Ұзақ уақыт сақталуы.
Гистологиялық техника бірнеше сатылардан тұрады:
1. Материалды алу;
2. Матералды бекіту (фиксациялау);
3. Сумен жуу (шаю);
4. Құрғату (Сусыздандыру);
5. Материалды тығыздау;
6. Кесінділерді дайындау;
7. Кесінділерден парафинді еріту; .
8. Кесінділерді бояу.
1.
Материалды алу:
-
операция кезінде;
-
мәйіттерден;
-
тәжірибелік жануарлардан;
-
пункциондық
биопсия арқылы;
-
қанды, сүйек кемігінен пункция арқылы алу;
-
мүшелердің ізін дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: