Негіздері



Pdf көрінісі
бет224/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

3. Сумен жуу (шаю). 
Бекіткеннен кейін объектіні жуып, ұлпаларды 
бекітуші заттың артық мӛлшерінен тазартады. Тазартпаса бекітуші заттар 
ұлпалық элементтерге әсер кӛрсетіп оны зақымдауы мүмкін. Материалды 
әдетте ағып тұрған сумен жуады. Жуу мерзімі зерттелетін ұлпа мӛлшеріне 
байланысты. Орташа жуу мерзімі 20-24 сағат. 
 


270 
4. Қҧрғату
(сусыздандыру). Объектілерді спирттер концентрациясын 
жоғарылату қатарының әрқайсысында (40, 70, 80, 96, 100 градустық) ұстау 
арқылы ӛткізеді. Кішкене объектілерді әрбір спирттер қатарында 25-30 
минут ұстаса, қалыңдығы 5 мм объектіні 2-3 сағат ұстау қажет. 
Хлороформда орналастыру арқылы құрғатады.
5. Материалды тығыздату.
Оны объектіден жұқа кесінділер дайындауға ыңғайлы болу үшін 
жүргізеді. Ол үшін материалды парафинде, целлоидинде немесе 
целлоидин-парафинде бекітеді. Бӛлме температурасында парафин қатты 
түрде болады, объектіге парафинді сіңіру үшін, оны термостатта 52-56

С 
дейін қыздырады. Парафин спиртпен араласпайтын болғандықтан, спиртпен 
араласатын ксилол немесе толуолды қолданып, парафинді ерітеді. Еріген 
парафин бірте-бірте объектіге сіңе бастайды.
Объектіні спиртке салып сусыздандырғаннан кейін, оны спирт пен 
ксилолдың теңдей бӛліктерінен тұратын ерітіндіге салып, одан кейін таза 
ксилолға салады. Әрі қарай объектіні 37

С дейін қыздырылған парафин мен 
ксилолдан тұратын қоспада бірнеше сағат ұстағаннан кейін, 52-56

С 
температурада ерітілген таза парафинге салып, қағаздан немесе металдан 
жасалған қалыптарға құйып, тік бұрыштап кесіп, блоктар дайындайды. 
Ағаштан жасалған кубиктерге блоктардағы әлі де болса балқып тұрған 
парафиндерді жабыстырады. Осы күйде материалды кесіп, бірқатар жұқа 
(4-6 мкм) кесінділер алуға болады. Парафиндеу кезінде объектінің 
тығыздалуы жүретінін есепке алу қажет. Ферменттердің гистохимиясы 
үшін материалды сұйық азотта мұздатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет