200
бөлшектерді оқшаулау үшін сенімді шараларды қабылдау қажет.
2)
Ағытқыштарды көтерген кезде біркелкі жылдамдықты сақтай отыра, біркелкі күш қолдану
керек. Көтеру нүктелерінде бекіту берік болуы тиіс.
3)
Талаптарға сәйкес келетін көтергіш құралдарды пайдалану және көтеру бойынша нұсқаулықты
сақтау. Ағытқыштарды көтеру алдында кранмен көтеру нүктесінде жүктеме қалай бөлінетінін
анықтау үшін бірдей салмағы бар объектілерді көтеру.
4)
Көтеру жұмыстары үрдіске қосылған бүкіл қызметкерге нақты, ұйымдастыру нұсқауларын
беруге тиіс, тәжірибелі мамандардың басшылығымен жүргізілуі тиіс.
5)
Ағытқыштарды, ажыратылатын сөндіргіштерді және кронштейндерді орнату мен бекіту секілді
дайындық жұмыстары барысында кернеулі жерде орналасқан бөлшектерден жеткілікті қауіпсіз
қашықтықты қамтамасыз ету қажет. Егер осы талап орындалмаса, кернеулі жерде орналасқан
бөлшектерді оқшаулау үшін сенімді шараларды қолдану керек.
6)
Оқшауланған маневрлік сымдардың байпастары күшті ауытқуларға жол бермей, оқшауланған
сымдардың немесе оқшауланған кабельдердің көмегімен берік орнатылуы қажет. Маневрлік
сымдар байпасының өткізу қабілеттігі ток бойынша жүктемеге төзу қабілеттігіне арналған
талаптарға сәйкес келуі және ток ағымын қабылдай алатындай болуы қажет.
7)
Керме тіректерден қоспаларды шешуді кезең-кезеңмен орындау қажет. Яғни алдыңғысындағы
барлық қоспалар алынбағанша келесі желідегі шешу орындалмайды.
8)
Ағытқыштар мен ажыратушы ауыстырып-қосқыштардың үш фазалы тізбегінің сымдарын
қосқаннан кейін ағытқыштар мен ажыратушы ауыстырып-қосқыштарды жабу. Токты тексеру
және ол нормада екеніне көз жеткізу. Кейін ашуды болдырмау үшін ағытқыштарды ажырату
тетігін бұғаттау керек.
Достарыңызбен бөлісу: