Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын
терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып
бойынша жеке көзқарасын, тұжырымында жеткізе білгені жөн.
Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс.
Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация және кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет,
ал конспект мәтінінің ауқымы 3-5 болуы тиіс.
Студент сонымен қатар:
- мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып
бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды байыта жаңғыртып, толықтырып,
өз бетінше өңдей білуі тиіс;
- ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен
жазбаша құра білу тиіс;
- нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған
хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Әдеби шығармалар немесе мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе,
түйіндеме, пікір жаза алады.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы
бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей
шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы
жайында әңгемелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Диалогтық
сөйлеуде студент:
- айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әртүрлі сұрақтар қою
негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
- мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне
жеткізе білуі;
- естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
134
Типтік бағдарламада ЖОО-да дайындалатын барлық мамандық түрлері бойынша
лексикалық тақырыптар тізімін беру мүмкін емес. Оны әр оқу орны өз бағдары мен
жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай анықтайды.