Жоғары педагогикалық білім


Тіл үйренушілердің деңгейін анықтау критерилері



Pdf көрінісі
бет128/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

Тіл үйренушілердің деңгейін анықтау критерилері 
В
1
– негізгі жеткілікті деңгей

Студент мынандай коммуникативті тапсырмаларды орындай алуы қажет: 


кәсіби қатынас саласындағы қатысымды-тілдік құрылымдарды түсіне және қолдана 
білуі керек; 
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойларды түсінуі, оған қатысты өз ойын білдіруі, 
мәтін мазмұнын құптауы немесе келіспеуі, қосымша деректер негізінде баяндай алуы қажет. 
Студент өз мамандығы бойынша ойын жаза алуы, болашақ қызметі туралы баяндай алуы 
міндетті.
 
В
2
– негізгі стандартты деңгей
Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативті тапсырмаларды орындай 
алуы қажет:
-
кәсіби қатынас саласындағы әртүрлі қатысымдық міндеттерді шешу кезінде 
мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсініп, қолдана білуі қажет; 
-
тіл грамматикасының негізгі заңдылықтарын меңгеріп, оны кәсіби жағдаяттарда 
қолдана алу қабілеттілігі; 
-
оқыту үдерісі кезінде алған білімін, білігі мен дағдысын кәсіби қызметте қолдана 
алу қабілеттілігі; 
-
өз мамандығына қатысты кәсіби жағдаяттарда ойын қазақ тілінде дәлелді, 
жүйелі жеткізе білу қабілеттілігі; 
-
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды, БАҚ-тағы күнделікті жаңалықтан 
кәсібіне қатысты ақпараттарды түсіну қабілеттілігі; 
-
ағылшын тілінде өз мамандығы, болашақ қызметі туралы баяндай алу қабілеттілігі. 
-
кәсіби терминдермен жұмыс істеу барысында оқығаны туралы өзінің бағасын бере 
отырып, пікірін, ойын ағылшын тілінде дұрыс айта білу қабілеті. 
-
өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау қабілеті.
 
С
1
 – С

– негізгі стандарттан жоғары деңгей
Студент берілген денгейі негізінде мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай 
алуы қажет. 
Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түciнy. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай бiлy. 
Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби 
шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша мақала, 
баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай және 
күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті. 
Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқадағы кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент: 
-
берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге 
керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі; 
-
түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, 
тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ақпаратты 
тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар: 
-
іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат 
мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет