133
– мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған мәтіннің, естіген ақпараттың
мазмұнын айта білуі, ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіре білуі, оны өзінше толықтыра
білуі тиіс.
Студенттің берілген тақырып бойынша мәлімдеме жасау, сұхбат құру, әңгімені қоштау
т.б. бағытта білім, білік дағдысы болуы қажет.
Мамандық тілі деңгейі
Тыңдалым
бойынша кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент:
- берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге
керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
- түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды,
тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөлімдері бойынша негізгі ақпаратты
тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:
- іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы бойынша
сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек. Мәтіндердің тақырыбы
студенттердің таңдап алған мамандықтарына сәйкес алынады.
Оқылым
әрекеті бойынша мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент:
- оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөлімдері арасындағы логикалық
және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.
- студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы
тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет. Мәтіннің
түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы мамандық саласы бойынша құрастырылуы
тиіс. Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу
барысында студент төмендегі жайттарды орындай білуі қажет:
- оқудың басты стратегияларын қолдана білуі; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның
ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
- хабарға, апаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: