Жоғары педагогикалық білім



Pdf көрінісі
бет403/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

Құзыреттіліктер. 
Негізгі құзыреттіліктер:
Таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы және дене шынықтыру мұғалімі кәсіби 
қызметін игеру; жаттықтырушы-педагог қызметін ұйымдастыру және жоспарлау;
дене 
шынықтыру және өмірдегі басты қимыл әрекеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру 
дағдысын игеру; білім алушылардың дене дайындықтарын көтеру және жеке қимыл 
қабілеттерін дамыту; жеке тұлғаны дене дайындығын жетілдіруге бағыттауға тәрбиелеу; 
таңдаған спорт түрімен және қалыпты дене жаттығуларына деген сұранысты қалыптастыру;
моральдық және ерікті сапаларын тәрбиелеу; жеке қарым-қатынас жасау тәжірибесін дамыту. 
Пәндік құзыреттіліктер: 
Ағзаның дене қалыбының функционалды мүмкіндіктерін әртүрлі дене жаттығуларының 
жүйелерін қолдану арқылы түзету; дене шынықтыру үдерісінде психикалық қасиеттерін 
қалыптастыру; 
Игеруі қажет

-
тәндік және рухани өздігінен дамудың әдістемелік қағидаттары мен құралдарын; 
-
сауықтыру дене тәрбиесінің құралдары мен әдістерін; 
-
негізгі қимыл әрекеттерін игеру құралдарын; 
-
дене шынықтыру және спорттық жаттығу жүйесіндегі арнайы және жалпы дене 
дайындығы негіздерін. 
Арнайы құзыреттіліктері: 
әртүрлі мәліметтерді игеру; дене шынықтыру мен 
айналысу және спорттың дамуының проблемалары жайлы сұхбат жүргізуге дағдылану; өзін-
өзі тәрбиелеу әдістерін игеру; шешім қабылдау; болшақ кәсіби мамандығына қалыпты 
ынталану;
 
КӘСІБИ ПРАКТИКАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 
Оқу практикасы екі түрге бөлінеді: 
оқу-педагогикалық және оқу-өндірістік. 
ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 
Практика мақсаты:
студенттерді болашақ мектептегі педагогикалық қызметке деген 
дайындығын қалыптастыру.
Практика міндеттері: 


422 
1.
Студенттер бойында мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылықты 
тәрбиелеу, өзіндік білім алуға деген дағдыларын қалыптастыру.
2.
Практикант-студенттерді бастауыш сынып жұмысының күн тәртібіне бейімдеу. 
3.
Студенттердің бойында бастауыш мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын 
жүргізу және ұйымдастырудағы бастапқы педагогикалық дағдыларды қалыптастыру.
4.
Студенттерде дене шынықтыру пәні бойынша «сынама» және «сынақтық» 
сабақтарын дайындау және өткізу дағдыларын қалыптастыру; күн тәртібінде дене 
шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын өткізу, сондай-ақ, 7-10 жастағы оқушылармен 
жасерекшеліктерін есепке ала отырып сыныптан тыс дене шынықтыру және спорттық іс-
шараларды дайындау. 
5.
Бастауыш топ сынып жетекшілері және дене шынықтыру мұғалімінің педагогикалық 
тәжірибесін жинақтау және зерттеу дағдыларын қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет