Жоғары педагогикалық білім



Pdf көрінісі
бет402/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
КӘСІБИ ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ 
Кәсіби практиканың оқу-өндірістік (оқу-жаттықтырушылық) және өндірістік 
(жаттықтырушылық) түрлері бойынша БЖСМ өткізіледі, олимпиадалық резервтегі 


421 
мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде (ОРМБЖСМ), спорт 
колледждерінде, мамандандырылған мектептер мен спорт клубтарында, ал оқу-
педагогикалық және педагогикалық практикалары жалпы білім беретін мектептерде, 
гимназияларда, лицейлерде, мектеп-интернаттарда, колледждерде өткізіледі. 
Практика басында студенттер практика базасының әкімшілік құрамымен және 
оқытушылар (жаттықтырушылар) құрамымен кездесу барысында педагог (жаттықтырушы)
жұмысының негізгі бағытымен, базаның дәстүрлерімен, жұмыс күнінің тәртібімен, оларға 
қойылатын талаптармен, материалды-техникалық жағдайымен танысады. Студенттер оқу-
жаттығу жоспарымен, сабақ кестесімен, практика бағдарламасына сай өзінің аталған 
жұмыстағы жұмыс көлемімен танысады. Әдіскер топ басшысымен практика бағдарламасы, 
сабақ кестесі, студенттердің сабаққа қатысуы және үлгерімі, топтың жұмыс жоспары туралы 
мәліметтер көрсетілетін «Практикант бұрышын» жасайды.
Студенттерге практика барысында орындайтын жұмыстармен таныстыру мақсатында 
әдіскер, «Практика бағдарламасы және жеке жұмыс жоспары» атты әдістемелік сабақ 
жүргізеді.
Студенттер әдіскердің және жаттықтырушы-мұғалімнің басшылығымен жеке 
жұмыс жоспарын құрастырады. Практика барысында студенттер оқу тапсырмаларын 
орындау кезінде дидактикалық талаптарды сақтауы және практика базасының 
ерекшеліктерін ескеруі қажет. Практикант жүйеленген түрде практикант журналын немесе 
күнделігін толтыруы қажет.
Өткен аптаны қорытындылау және келер аптаға тапсырма беру мақсатында топ әдіскері 
апта сайын өзіне бекітілген топқа жиналыс өткізуге міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет