Оқу-тәрбие жұмысының мазмұнымен және жалпы бастауыш мектеп жүйесімен
танысу.
Хабарларды тыңдау және дәптерге жазу:
-
тапсырмаларды, бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысының ерекшелігінің
қойылымдарын;
-
бастауыш мектептің дене шынықтыру қойылымдары, материалды- спорттық база, оқу
құжаттарын жүргізу тәртібі, дене шынықтыру мұғалімі жұмысының мазмұны, білім
алушылардың санын және дайындық деңгейлерін;
-
мектептің спорттық базасымен танысу.
Тәрбие жұмысы.
Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде студент-практикант міндетті:
1. Бастауыш сыныптардың сынып жетекшісінің құжаттамасымен танысу:
- оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарының мазмұнының құрылымымен,
сыныптық сағаттардың тақырыптарымен танысу;
- сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргізуінің мазмұнымен
және түрімен танысу;
2. Тәрбиелік іс-шараға қатысу немесе бастауыш сынып мұғалімінің сыныптық (тәрбие)
сағаттар жүргізудегі қолданатын әдістемесін бақылау, әдістері, тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру жолдары мен құралдары (талдау кестесіне сай жазу);
Ескерту:
студенттер тек бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды ғана орындап
қоймай, сонымен қатар, сынып жетекшісіне бастауыш сынып оқушыларымен тәрбие
жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетуі керек.
«Дене шынықтыру» пәнінен сабақ беру:
1.
Топтағы жолдастарына көмек ретінде және дене шынықтыру пәнінен бірнеше
сынама сабақтарының өткізілуіне қатысу;
2.
Әдіскердің, практиканттардың және дене шынықтыру мұғалімінің қатысуымен дене
шынықтыру пәнінің бір бөлігін дайындап өткізу.
Спорттық-қоғамдық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу:
1.
Өздігінен 5-6 «қозғалыс қоңырауы» және дене шынықтыру үзілісін өткізу;
Әдістемелік жұмыс:
1. Практика барысына жеке жұмыс жоспарын құрастыру;
2. Дене шынықтырудағы оқу үдерісін жоспарлау құжаттарымен танысу;
3. Сынақ сабағының 1 конспект-жоспарын құрастыру.
4. Бекітілген сыныптың дене шынықтыру үзілісінің кешенін құрастыру және күнделікке
жазу, «қозғалыс қоңырауын» өткізу жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |