Жоғары педагогикалық білім


 Талдағыштар жүйесі физиологиясы мен гигиенасының жасерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет77/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

 
1.4 Талдағыштар жүйесі физиологиясы мен гигиенасының жасерекшеліктері
Сыртқы ақпаратты қабылдауды ұйымдастыру жүйесі. Ағзаның талдағышты жүйелері, 
олардың топтамасы. Талдағышты жүйелердің құрылымы мен функционалдық жетілуі. 
Талдағышты ынталандырулардың қарапайым белгілерін қабылдау және өмір сүрудің 
алғашқы жылдарындағы сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдаудың күрделенуі. 
Көру талдағышы. Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті. Аккомодация және оның 
жасқа байланысты өзгерісі. Көру өткірлігі. Алыстан және жақыннан көру. Кеңістікті көрудің 
жасерекшеліктері. Әртүрлі жаста жарықты және түсті сезу. Балалар мен жасөспірімдердің 
көру қабілеті ауытқуларының алдын алу. Көру гигиенасы. Мектеп ғимаратын жарықтандыру. 
Сынып бөлмесінің жарықтандырылуын гигиеналық бағалау. Көру өткірлігін анықтау. 
Есту талдағышы. Құлақтың құрылысы мен акустикалық қасиеттері. Есту талдағышының 
жасерекшеліктері. Есту гигиенасы. Балалар мен жасөспірімдердің ағзасына катты шудың 
әсері. Балалардағы есту мүшесі ауытқуларын алдын алу. 
Тері, қимыл, иіс сезу, дәм сезу және тепе-теңдік талдағыштарының маңызы мен жалпы 
құрылымы. Олардың әртүрлі жастағы балалар ағзасындағы қызметті маңызы. 
 
1.5 Балалар мен жасөспірімдердің эндокринді жүйелерінің жасерекшеліктері 
Ішкі сөл бөлу бездері. Гормондар. Гипоталамус-гипофизарлық жүйе, оның ішкі сөл 
бөлу бездерінің қызметін реттеудегі маңызы. Ағзаның гуморалді реттелуі туралы түсінік. 
Шеткі эндокриндік бездердің құрылысы мен қызметі. Балалық және жасөспірімдік 
кезеңдердегі ішкі сөлу бездері қызметінің ауытқулары. Балалар мен жасөспірімдер арасында 
тараған йодтапшылығы және қант диабеті аурулары, олардың алдын алу. 
Жыныс бездері, олардың ағзаның дамуы, өсуі және жыныстық жетілуі барысындағы 
маңызы. Екінші реттік жыныстық белгілердің дамуы. Физиологиялық және әлеуметтік 
жыныстық жетілу түрлері. 
Жыныстық тәрбиелеу - жастарды отбасылық өмірге дайындаудың ажырамас бөлімі. 
Медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеудің қағидаттары, түрлері, амалдары мен 
әдістері. Жасанды түсік жасаудың зияны. Жыныстық тәрбиелеуді педагогтардың, ата-аналар 


89 
мен медициналық қызметкерлердің бірлесе жүргізуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет