90
күшінің жастық кезеңдер бойынша ерекшеліктері. Қимыл дағдыларының дамуы, қимылдар
бағдарлануының жасқа сай жетілуі.
Ағзаның дене жүктемесіне реакциясының әртүрлі жас кезеңдеріндегі ерекшеліктері.
Оқушылардың қозғалыс тәртібі. Гиподинамияның зияны.
Дене бітімі, оның дұрыс қалыптасуының маңызы. Кеуде қуысы құрылымының
өзгерістері.
Қазтабандылық. Тұру, отыру және жүру кездерінде денені дұрыс ұстау. Мектеп
оқушыларының бойында дұрыс дене бітімін сақтауды және қалыптастыруды тәрбиелеу. Дене
бітімін дұрыс қалыптастыру мен табан тірегін нығайтудағы дене жаттығуларының маңызы.
Тірек-қимыл аппараты қызметінің ауытқуларын алдын алу.
2 МОДУЛЬ. БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МЕН САҚТАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық күйі. Оқыту мен тәрбиелеу
жағдайларының оқушылар денсаулығына әсері
Денсаулық туралы түсінік. Балалар денсаулығының көрсеткіштері. Денсаулық топтары.
Оқушылардың денсаулық күйінің жұмысқабілеттілікке әсері. Созылмалы аурулармен және
жедел дерттермен сырқаттанған оқушыларға арнайы жағдай жасаудың ерекшеліктері.
Еңбек түрлерінің жасөспірімдердің денсаулық күйіне әсерлері. Еңбек тәрбиесін
ұйымдастыруда оқушылардың жасын, жынысын, денсаулығын және жұмыс кезіндегі әртүрлі
факторлардың (шу, діріл, шаң, т.б.) әсерлерін ескере отырып қойылатын гигиеналық
талаптар. Жарақаттанулардың алдын алу. Жарақаттанған кезде алғашқы жәрдем көрсету.
Ағзаның қорғаныс күштерін жоғарылату әдістері. Оқу-тәрбие мекемелерінің
санитарлық жағдайының балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулардың алдын
алудағы маңызы. Тұмаудың және жедел респираторлық аурулардың алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: