ИМАНИ ГҮЛ
ғылымы мен білімін ойрандай етіп
174
, кітапхаларындағы
бар құндысын талан-таражға салып, өз елдеріне әкетті
175
.
Сөйтіп, Андалусия батыстың қазіргідей ғылым-білімде
дамып-жетілуіне жағдай жасады.
Кешегі, ғасырлар бойы төрткүл дүниені аузына
қаратып, мәдениет пен ғылымда өзгелерден оқ бойы озып
шығып, оларға жетекшілік еткен ата-бабаларындай бола-
мыз десе, бүгінгі мұсылмандар да Құранның нұрлы аятта-
рын өмірлерінің әр саласына шамшырақ ете білуі керек.
Құран аяттарын заманға зай тапсірлеп, жорамалдай білуі
қажет.
174
Бір ғана Гырнатаны қолға түсірген уақытта қаланың ортасында
мұсылмандардың 80000-ға жуық кітабын өртеп жіберді.
175
Ахмет Гүркан, Ислам күлтүрүнүн гарбы меденилештирмеси,
230-бет.
307
Рухтың денеден денеге өтуі, яғни,
«реенкорнация» сенімі дұрыс па?
Рухтың бір денеден екінші денеге өтуі ғылымда «
ре-
енкорнация»
немесе
«тәнасұх»
(ислами) деп аталады.
Бұл жаңсақ наным-сенім бойынша, рух қонған денелердің
барлығы оның сыртқы шапаны іспетті. Өмір − үлкен мек-
теп. Бұл өмірге қайта келіп, кем-кетігіңді толықтыруға
болады. Рух өзінің кемел дәрежесіне жеткенше денеден-
денеге өтіп, үлкен мектепті тәмамдайды екен.
Бұл сенімнің негізінде өлімнен қорқу, жер
бетінде мәңгі өмір сүруге деген құштарлық, дүниеде
кездесетін жаманшылықтарды өзінше түсіндіру сияқты
психологиялық себептер жатыр. Яғни, өлуді қаламайтын
адамдар бұл сенім арқылы өздерінің мәңгілік өмір сүруге
деген құштарлықтарын қанағаттандырмақ болған.
Реенкорнация сенімінің нақты қай жерде бастау
алғаны белгісіз. Кейбір деректер бойынша, бұл көзқарас
көне Мысырдан бастау алған. Тарихшы Геродот та осы-
ны мақұлдаған. Өйткені, көне Мысырда өлген адамның
жаны жануарлардың, әсіресе, құс немесе жыланның
денесіне өтіп, сол жерде өмірін жалғастырады-мыс де-
ген наным болған. Ежерлгі мысырлықтар дене өле сала,
рух құрлықта болсын, мейлі суда болсын бірнеше жан-
жануардың денесін аралағаннан кейін қайта айналып
адам денесіне қонады деген пікірге сенген. Перғауындар
заманында Пирамидалардың салынуына да осы бір
түсініктің ықпал еткені мәлім.
308
Достарыңызбен бөлісу: |