ИМАНИ ГҮЛ да құқықтық тұрғыдан дәлел бола алмайды. Ал кейбір
адамдардың гипноз сеансы кезінде ес-түссіз жағдайда гип-
ноздаушы адамдардың ықпалымен өткен өмірлеріне бай-
ланысты айтқан әңгімелері реенкорнацияның шындығына
қалайша ғылыми дәлел бола алмақ? Неліктен барлық
психиатрлар реенкорнация сенімін қолдаушылар сияқты
гипноз кезінде айтылған сандырақтарды реенкорнация
сеніміне дәлел ретінде қарамауда? Керісінше, барлық
психиатрлар бұл адамдарды психологиялық (dissosyetif
бұзылу) ауруға ұшыраған деп, ренкорнацишылардың
дәлелін бірауыздан жоққа шығаруда.
5.
«Рухтар өткен өмірлерін неге естеріне түсіре ал- майды?» деген сауалымызға бұл сенімнің жақтаушылары
адам үшін өткен өмірлерін білмеулері тиімді деп, мы-
нандай дәлелі әлсіз мысалды алға тартады:
«Өткен өмірлерінде араларында келеңсіз жайттар болып, бір- бірімен дұшпан болған екі ағайынды екінші өмірлерінде де бір шаңырақтың астында дүниеге келулері мүмкін. Мұндай жағдайда олардың бұрынғы өмірлерін білулері олардың бұрынғы дұшпандықтарын естеріне түсіріп, ыза-кек, дұшпандықтарын қоздыра түсуі мүмкін. Сондықтан бұрынғы өмірлерін естеріне түсіре алмау- лары олар үшін әлдеқайда тиімді». Берілген бұл жау-
аптарына қанағаттану әсте мүмкін емес. Себебі, өткен
өмірлеріндегі қателіктерін білмейтін адамдардың қазіргі
өмірлерінде сол жіберген қателіктерін түсініп, түзетуі
мүмкін бе? Ендеше, өткен өмірлеріндегі қателіктерін
білмеген адамдардың сол жіберген қателіктерін түзету
үшін мына дүниеге қайта келулерінде қандай мән бар?
Өткен қателерін мүлдем білмейтін адамдардың қайтадан
сол қателерге ұрынбауына кім кепіл?
6. Егер реенкорнацияшылардың айтқанындай
адамдардың рухы жан-жануар, өсімдіктерге, сосын