Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет10/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие / қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие/. - А., 1995. 


12 
2.Қожахметова Қ.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – А., 
1993. 
3.Кӛшеров Н.М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің этнопедагогикалық дайындау жүйесі: кан. дис. 
- Алматы, 2000. 
 
Аннотация.
В данной статье используются все предметы и традиции для установление связи обучения, в 
этом случаи ученики получая четкие знания, будут здравомысленно усваивать, широко думать, с 
помощью способа запоминание рассматривается богатые обычаи и традиции нашего народа 
Annotation.
This article uses the tradition of all the items and for establishment of communication training, in 
which case the students get a clear knowledge will absorb zdravomyslenno widely thought by the method of 
memorization is considered rich in customs and traditions of our people 
 
 
ӘОЖ: 378: 723 
 
ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Аблаева А.И. 
№47 орта мектеп, Тараз қ. 
 
Егемен ел атанып, тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқан күннен бастап, ӛскелең ұрпақты 
отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке, ұлтжандыққа баулу ісі күн тәртібіне шығарылды. Кең байтақ қазақ 
даласын пана еткен тілі басқа болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі барша халықтың бойына 
қазақстандық патриотизмді дарыту ӛте-мӛте маңызды дүние. Бүгінде бүл мәселе барлық қоғамдық, 
мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың ӛзегіне айналуда. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр 
азаматтың ұлтын, отанын сүюден туындайды. «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» 
ұғымдары арқылы отан, туған ӛлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. 
Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сӛйтіп, «ұлтық патриотизм» және 
«қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік 
сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстанумен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру тағы басқа 
тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды кӛздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, 
психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық 
патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл 
ұғымның маңызын ашып кӛрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін 
қажеттігінен туындап отыр. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сұйіспеншілік, 
ұлтына сенімі, нанымы, саяси кӛзқарасы т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық ӛзі ӛмір сүріп, күн кӛріп 
отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның 
заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын 
қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. 
Туған халқымыздың ӛткен тарихына кӛз жіберсек,отансүйгіштіктің керемет үлгілерін 
кӛреміз.Бүгінгі күні егеменеді ел болып,қазақ деген ұлт болып отыруымыздың ӛзі ата-бабаларымыздың 
теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай,жоңғар шапқыншылығы кезі мен 
одан бертіндегі ұлт азаттық кӛтерілісін алып қарасақ,ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей жүйелі 
патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін,жерін,отанын қорғауда жанын,тәнін аяп қарап 
қалмаған.Осындай кӛптеген тарихи тәжірибелерден,сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік 
сезімінің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болады. Ұрпағымызды кеудесінде 
намысы бар,білімді,туған елін,жерін сүйетін ӛнегелі ұрпақ етіп ӛсіргіміз келсе, бар назарды келкшек ұрпақ 
тәрбиесіне аударумыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі-патриоттық тәрбиеге 
береді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары ӛзінің «қазақстандық » екенін мақтанатындай етіп тәрбиелеу 
үшін педагогика халық педагогикасына сүйену қажет екенін айтады. [1] 
Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан ӛткен 
оқиғаларды айта отырып,түсіндіру қажет. Оқушылардың дүниеге кӛзқарасын қалыптастыру тарих 
сабағының маңызы зор. Ӛйткені тарих адамзаттың басынан ӛткізген тарихи-мәдине тәжірибесін,алдымен 
құндылықтарын оқытып үйретуді мақсат етеді. Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін 
мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді.Сабақтың тәрбиелік міндетін анықтау ӛтілетін 
тақырыптың мазмұнына байланысты негізінен ,бұрыннан белгілі оқу –тәсілдерінен бӛлек ,ӛлке 
материалдарын пайдалану да оқушыларға Отан тарихын ,ӛлке тарихын сүюге ,құрметтеуге шақырады. Ӛз 
жерінің қадір қасиетін біліп,танып ӛскен ұрпақ сол елдің азаматы болмақ. Тарих пәні небір қаншама 
тарихи фактілерді,оқиғаларды баяндайды,осылардың бәрі олардың жүрегіне ,сезіміне әсер етеді, 


13 
адамгершілігі жоғары сапалы азамат болып қалыптасуына әсер етеді.3.Қазақстан Республикасы –ӛзінің 
тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет –осы мемлекеттің ӛркендеп ӛсуі 
халықтың әлеуметтік,экономикалық жағдайын кӛтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір 
азаматтыі осыған ӛз мүмкіншілігінше үлес қосуы тиіс. 
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында жастарға білім және тәрбие беретін мектеп оқушыларының 
алдына қойылатын ерекше талап-еліміздің ертеңін ойлайтын қасиетті азамат қалыптастыру. 
Оқушылардың сана – сезімін ұлттық патриотизмін ояту қазір қоғамдағы тәрбиенің алға қойған негізгі 
мақсаты болуы қажет. Бұнда ұлттық құндылықтарды студенттердің бойына сіңіріп тәрбиелеу екендігінде 
ешқандай күмән жоқ. «Адамға ең бірішінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас 
жауы , ол келешекте оның барлық ӛміріне апат әкеледі» ,- депті Әл-Фараби бабамыз Осыдан ӛз тағдырын 
ӛзі шешуге қолы енді жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет 
екендігін байқаймыз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты » деп 
аталатын бӛлімінде – еліміздің тұтастығын , оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп тӛндіретін 
қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің ӛзі , жастарымыздың отаншылдық, 
елжандылық , патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі- 
Бауыржан Момышұлы : «Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман саулығы , 
қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты сезіну , әр адам ӛзінің мемлекетке тәуелді екенін , олай 
болса мемлекетті нығайту жеке адамдарды күшлейту екендігін мойындау»,- деген болатын. Міне осылай 
жас ұрпақ, оның ішінде жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру , ол үшін патриоттық іс – 
әрекет ұйымдастыру , бұл шараны іске асыру үшін оқу – тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру 
қажет. Осылайша оқушылардың бойына «ұлттық патриотизмді» қалыптастыруға болдаы. 
Ұлттық патротизм - жеке адамның ӛз халқына деген сүйіспеншілігі. Ерекшелігі, тегі, территориясы, 
тарихи дәстүрі т.б. жағынан дербес белгілеріне байланысты. Патриоттық сезім тәрбие арқылы 
қалыптасады, ол жетіліп патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам ӛ ұлтына тән 
ерекшеліктерді түсініп , сезініп, ӛз ұлтының бабаларының қаиеттерін бойына жинақтайды. Бүгінгі күні 
тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған егеменді елімізді дамыту мен қорғау міндеттерінің тереңдей және 
күрделене түсуіне байланысты, патриоттық тәрбие мәселелеріне басты назар аударудың қажеттігі артып 
отыр. 
Патриоттық тәрбиенің мақсаты – халық педагогикасы негізінде тұлғаның немесе әлеуметтік топтың 
патриоттық іс- әрекетке саналы түрде ұмтылысын сипаттайтын саяси- моральдық, кәсіби, психологиялық 
және дене қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру 
мәселесі - бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Халқымыздың 
отансүйгіштік, патриоттық туралы мұрасының даму тарихына үңілер болсақ, ХV – ХVІІ ғасырлардағы 
Асан қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың 
поэзиларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен кӛреміз. Халқының қаситтерін ардақтайтын сезім ӛзі 
келмейді, жоқтан жаралмайды. Туған жерінің топрағынан, ана сүтінен, тәрбие арқылы ұйыған 
ұлтжандылықтың арқасында қалыптасатын сезім. 
Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекешеліктерде, халықтық педагогика құндылықтарын есекере 
отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда ӛткен ғасырдағы кӛрнекті ағартушы - педагогтардың, соның 
ішінде Ш.Уәлизанов, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның, М.Жұмабаевтың және тағы басқалардың да 
маңызды ой – пікірлері, отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары қазіргі кезде ӛз жалғасын табуда. 
Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, ӛз Отанына, ана тіліне, еліне, жеріне, 
мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық мақтаныш, ӛз халқының тағдыры үшін 
жоғары жауапкершілік, туған Отанының экономикалық, ғылыми, моральдық – саяси және әскери 
элементтерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жағынан қорғауға даярлық қалыптасады. 
Егеменді елдің қуатты ӛндірістік күштері және ӛндірістік қатынастарын дамыту патриоттық тәрбиенің 
экономикалық негізін құрайды. Әлеуметтік – саяси негізге тқоғамдық және мемлекеттік 
құрылыс,қоғамның әлеуметтік – саси және идеялық бірлігі, шетел халықтарымен интернацоналистік және 
достық қарым-қатынас жатады. Тұтастай алғанда, үкіметтің ұлттық патриотизм туралы идеологиясы, 
дүниежүзілік және қазақ классиктерінің патриотизм ұлттық патриотизм туралы идеялары потриоттық 
тәрбиенің әдіснамалық негізі болып табылады. 
Патриоттық тәрбие педагогика, этнопедагогика, психология, этнопсихология, әскери ғылымдардың 
ғылыми теориясына сүйенеді, олар жеке адамның патриоттық тәрбиелілігінің мінсіз үлгісін жәнеоған 
қажетті қасиетті қалыптастырудағы негізгі принциптерді, нысандар мен әдістерді айқындауға мүмкіндік 
береді. Патриоттық тәрбиенің құралдары болып халықтың, нақты ұлттың және оның қарулы күштерінің 
еңбек , ұлттық дәстүрлері табылады. Патриоттық сананы қалыптастыру барысында жеке әңгімелесу мен 
тағы басқа да әлеументік зерттеулер арқылы қажеттіліктерді зерттеу және оның дамуына жәрдемдесу 
маңызды, себебі, мұның ӛзі патриоттық тәрбие мәселелерін тиімді шешуге кӛмектеседі.


14 
Патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, ӛз Отанына, ана тіліне, еліне, жеріне, мәдениеті 
мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, жалпы ұлтқа мақтаныш, ӛз халқының тағдыры үшін жоғары 
жауапкершілік, туған Отанының экономикалық, ғылыми, моральдық- саяси және әскери әлеуеттерін 
дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жағынан қорғауға даярлық қалыптасады . Патриоттық 
тәрбие ең алдымен ӛз Отанының құндылықтарын танудан басталады. Тәрбие жұмысы барысында ӛз 
халқының, ұлтының ұлылығын, олардың тіршілік салтының артықшылық- жетістіктерін, халық саясаты 
мен жауынгерлер қызметінің прогресшілдігін терең ашып кӛрсету, студент жастарды ерлік- патриоттыққа 
тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерді, халықтың Отанын қорғау туралы ілімін насихаттау, ӛмірдегі жағымсыз 
салттарды, шовинизмді, вигилизмді және т.б. келеңсіздіктерді дәлелді сынап отыру қажет. Біздің 
пайымдауымызша, тәрбие жүйесінде жастарымызды халқымыздың рухани және ұлттық құндылықтарын 
дұрыс бағалауға тәрбиелеу осы білімдерді пайдалануға бағытталуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сӛзімен 
айтқанда, патриоттық тәрбие процесінде «әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай және даңқты 
тарихына , оның болашағына ӛзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін 
жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. ..әрбір 
адам бала кезінен Қазақстан- менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін 
жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп ӛсетіндей істеген жӛн» .
Патриотизмге берілген анықтамалардан, оның жалпы негізгі «Отан» ұғымында жатқандығын 
кӛреміз. Олай болса, қоғамдағы жеке адамдар санасында «Отан» тусінігінің әртүрлі деңгейде 
орнығынуына байланысты, патриотизмнің екі деңгейін кӛреміз:
1.Отан туралы жалпы түсінік. Ол халқының тарихы, дамуы, қорғаныс тәсілдері, патриоттық 
пікірлер, кӛңіл-күйі мен салт-дәстүрлері мен саналы сезімі кіреді. 
2.Патриоттизмнің теориялық деңгейі. Оған Отанның құрылуы, сақталуы, дамуы, оның егемендігі 
мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеру жатады. Отанға қызмет ету жӛніндегі 
патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары осы теориялық деңгейді сипаттайды.
Отан халық топтары ӛмір сүріп еңбек ететін белгілі бір саяси, мәдени әлеуметтік және аумақтық 
орта. Ғалымдар Отан құрылымы үш элементттің берік байланысы ретінде түсіндірілуге тиіс деп, былай 
кӛрсетеді. 
1.
Халық тарихымен ұштасқан, сол халық субъект ретінде тарихты жасаушы ретінде кӛрінетін туған 
жері этностық аймағы.
2.
Ӛзінің тілі ұлттық мәдениеті, дәстүрлері бар белгілі бір халық. 
3.
Мемлекет түрін анықтайтын қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік-саяси құрылыс. 
Қазақстан ғалымдары патриоттық тәрбие мәселесінде жазған еңбектерінің маңызы зор. Оларға 
Е.Жұматаеваның ―Қазақ майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық 
тәрбие беру‖, С.Иманбаеваның ‖Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың 
педагогикалық негіздері‖, Н.Түйебақованың, Л.Сайдахметованың еңбектерін алуға болады. Оқушыларды 
патриотизмге тәрбиелеуде ең алдымен патриоттық құндылықтарды қалыптастыру қажет, яғни ұлттық 
дәстүрлерге сүйене отырып, олардың ішкі жан дүниесі—-ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға 
бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Ә.Назарбаевтың ―Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту, ―қазақ‖ деп 
аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа ӛз қатысының барын сезіну…‖-дегені, біздің 
ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет