Нурбеков С.И., Тулеубаев Ж.С., Шинышерова Ғ.Б.
Влияние сроков опыления на процент
завязывания гибридных зерен.............................................................................................................
201
Нурбеков С.И., Тулеубаев Ж.С., Шинышерова Ғ.Б.
Выбор колосьев для кастраций и
способ опыления при гибридизации пшеницы..................................................................................
204
Тӛлеубаев Б., Иманалиева А., Тулеубаев Ж.
Жамбыл облысында таралған жайылым
кенелерінің биологиялық ерекшеліктері мен күресу шаралары......................................................
205
Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М.
Қазақстанда жылыжай құрылымының
жағдайы..................................................................................................................................................
212
Шинышерова Ғ.Б., Чохыева Г.
Жайралардың биологиялық ерекшеліктері.............................
215
Мақалаларды рәсімдеу тәртібі
219
Условия оформления статьи
220
6
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ТАРИХ (ОТАН, ЖАЛПЫ), ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ,
ӘЛЕУМЕТТАНУ, ДІНТАНУ, МӘДЕНИЕТТАНУ,
ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ, ҚҦҚЫҚТАНУ, ЭКОНОМИКА
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР
А14
940.53(574)
Б.МОМЫШҦЛЫ ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІ ТУРАЛЫ
Абдраймова С.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақтың әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік дәстүрден кенже қалмауына бар мүмкіншілігін салған
Б.Момышұлының бар сын-пікірлері тек қазақ қаламгерлерінің шығармашылық жолда ӛсуіне жағдай жасау
болды. Осы таласы кӛп бағытта қандай істер атқарылуы тиіс деген мәселе тӛңірегінде ол ӛзгелердің
назарын аудармақшы болды. Идеялық тұрғыда қарсы жақты пікрілерімен де санасып отырды.
Пендешілікке бой алдырған қарсыластарын ынтымаққа шақырды. Ӛзгелерді тыңдап ӛзі де тыңдатуға
тырысты. Қазақстан Жазушылар Одағының съезінде сӛйлеген сӛзінде ол алдағы тұрған міндеттерге
тоқталып, оның басты бағыттарын айқындап берді. Батырдың осы сӛзін толығымен беруді жӛн санап
отырмыз. «1. Ӛткен съезде алған міндеттемелеріміздің бәрі бірдей сүрінбей, жығылмай, ақсамай, тасымай
мәреге түгелімен жетті деп айта алмаймыз.
2. Екі съездің арасында жазушылардың еңбектерінде табыстар да бар. Кемістіктерімізде аз емес.
Кемістікпен кетіктік себепсіз болмайды. Олардың себебі ӛз арамызда, ӛз басымызда. Олар да –
біздің ӛзіміздің жемісті еңбектеріміздің арасындағы солғын, шалажансар мәуелері. Оларға біз ӛкіне де,
ашына да қарауға еріктіміз.
Жараның барлығын отап, я күйдіріп жазуға болмайды. Сыйпап, майлап, дәрі-дәрмектеп
жазылатындары кӛп.
Шеңберден шығара мақтамалық,
Жерге жаншып таптамалық.
Ашуды сын садағымен атқылаудан аулақ болалық.
Табысымызды тау басына дараламалық, кемістігімізді керегеге кере кептірмелік. Әр қайсысын ӛзіне
жарасты орнына қоя білелік.
Партиялық, творчестволық принциптен шықпастан, әділ де, жанашырлық, ағайындық ретінде
сыйласып сынасалық.
Әділ сын ауызбірлік дәнекері деген сӛз әрқашанда есімізде болсын.
Күнге оңып, жауынға езілетін сырландыны майлы бояу санап, ӛзімізді алдамалық.
Жамаумен жыртығымызды жасырмалық; кӛсеумен кетігімізді қаламалық.
Сын атқамінердің азбандылығымен айтылмасын, жамап-жасқап жала жабудан аулақ болайық.
Әдебиет әдептілік ұстамдылығымен айтылсын. Айыптау үшін дәлелді айғақ керек. Айдай айқын
айғақ та әдепті ұстамдылықпен айтылсын.
Сәтсіздікке ұшырағандарды сабалай бермелік. «И у бьющего рука устает» деген сӛз сын
шабармандарының есінде болсын.
Съезіміз жоғары дәрежелі принципте… әділ биде туған жоқтай, табыстарымызды, кемшіліктерімізді
де терең оймен сыннан ӛткізіп, әдебиетіміздің болашағына түкпірлі жоба боларлық нұсқалы мәжіліс
(құрылтай) дәрежесінде ӛтер деген үміттемін».
Б.Момышұлының әдебиет сынындағы тағы бір белесі ӛз заманындағы қазақ қаламгерлеріне берген
бағысы дер едік. Қасында жүрген адамдардың олқылық әрекеттерін, теріс пиғылдарын ашық түрде сынау
ағаттыққа жатпайды. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады» дейтін халық даналығын дұрыс
кӛрген Б.Момышұлы әдебиет майданында жүрген қаламгерлерің үлкен – кішісіне қарамай әділін айтып
отырған. Осынысы үшін де Жазушылар Одағының басшыларын жақпаған кездері кӛп болды. Орталық
7
партия комитетінің хатшысы Имашевпен болған пікіралысуда Б.Момышұлы жазушылар туралы: «Это
беспартийная организация. Притом там писателей мало, а желающих быть писателями много. Не так-то
легко иметь партийное влияние на эту организацию. Если Союз писателей работает плохо, в этом прежде
всего виноват ЦК. Вам известно выражение Энгельса: «Если рабочий класс не понимает нас, в этом
виноваты прежде всего мы».
Творческие люди по команде и по приказу не вдохновляются. Под видом выполнения социального
заказа пишутся всякие «времянки,» они слишком легковесны, поверхностны.
В чем же причины
Дело прежде всего в правильной, продуманной организации и в умелом руководстве.
Наши писатели делятся на три поколения – старшие, средние и младшие. У каждого поколения свое
достоинство и недостатки, присущие только им в отдельности связанные временем, их школой,
окружением и возрастным индексом», - деп қаламгерлер ұясында болып жатқан сорақылықты қатты
сынға алады. [1. 48-бет].
Турасын айтамын деп туғанына жақпаған Б.Момышұлының мұндай әрекеттерін
тек оның адалдық пиғылының кӛрінісі деуге тұрарлық.
Тарихи ӛзі адал ұлдарын тарих сахнасына алып шығады. Қолдағы құжаттар дәлелдегендей кӛп
жағдайда оның іштей қарсыластарының ӛзі әділдігі үшін кӛмек қолын сұрап тұрған. Жазушылар
одағының жиындарында, пленумдарда, ғылыми отырыстарда қайбір қаламгерге оң баға беруде батырдың
пікірін білуді дұрыс кӛріпті. Мәселен, қазақ социалистік реализм әдебиетінің бағыт-бағдарын айқындап
берген, социалистік реализмді ғылыми тұрғыда талдап бірген әдебиеттанушы ғалым М.Қаратаевтың
докторлық диссертациясын қорғау барысында Б.Момышұлының пікірін тыңдау қажеттілігі туындағын сол
кеңеске Б.Момышұлы арнайы қатысып, М.Қаратаевтың диссертациясына әділ бағасын беріпті.батырдың
сӛзі тӛмендегідей: «Я выступаю здесь как писатель. Я образованный военный, но необразованный
писатель. Я пришел в литературу на буксире войны.
Биография диссертанта нам всем хорошо известна. Он, побывав под свинцовой тяжестью
необоснованной репрессии, сохранил гражданское достоинство и, вернувшись снова в строй, солидно
развернул общественную, творческую, научную и педагогическую деятельность
Вопрос социалистического реализма – вопрос весьма сложный, весьма проблемный, не каждый
возьмется за эту тему, не каждому под силу эта тема. Что открыл, что доказал Каратаев, взявшись за эту
тему? В этих вопросах я согласен с мнениями официальных оппонентов, но хотелось бы от себя сказать
еще.
Наука не ради науки, а наука для жизни. И с этой точки зрения практическая работа М. Каратаева
ПОЛНА ЖИЗНИ. В этом главное достоинство трудов диссертанта.
Благодарю вас за внимание. Сӛз жоқ әділ сын. Б.Момышұлы үшін мақтау мен даттаудың арасы
түкке тұрғысыз болып кӛрінуі мүмкін. Себебі келесі бір кӛзқарасында ол кеше ғана мақтаған М.Қаратевты
жерге тығардай сынайды. Қарап кӛрелік: «Главный докладчик был член корреспондент АН Каз ССР
критик, литературовед Мұхамеджан Каратаев – сильная бездарщина. Я его не слушал, я от него устал,
когда он закончил доклад, аудитория аплодировала, я не аплодировал. Во время перерыва я ему сказал:
– Мұқа, по-моему, ты круглый дурак, когда перестанешь быть дежурным докладчиком, во всяком
случае, ты в самом деле не ученый, самый неграмотный человек...». [9.75] Батырдың бұл сӛзін қалай
түсінуге болады?
Заманында М.Қаратаев әдебиеттану ғылымына ӛлшеусіз үлес қосқаны мәлім. Оның әдебиеттің
теориясы мен тарихына берген бағасы кезінде жоғары бағаланды. Әдебиет сыншысы, теоретигі ретінде ол
ӛз заманында кӛптеген жас әдебиеттанушы ғалымдарды тәрбиелеп шығарды. Бұған ешкімнің таласы жоқ.
Алайда Б.Момышұлы ғалымның ғылыми жетістіктеріне оң бағасын беріп, кӛкке кӛтере мақтаса, ал
пенделік болмысына, жағымпаздық әрекетіне жиіркене қарайды. Тіпті осындай талантты қазақ ұлдарының
жоқ жерде жер болуына аяушылық та білдіретін сияқты.
Сынның ӛзі тек кӛркем шығармаға қатысты емес, сол кӛркем шығарманы ӛмірге әкелуші қаламгерге
де қатысты айтылатыны жасырын емес. Мәселен Б.Момышұлы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдатына» сын
айтса ол авторға да қатысты болмақ. Сол сияқты М.Қаратаевтың ғылыми еңбегіне қатысты айтылған сын
оның ӛзіне де қатысы бар деген сӛз. Ал қайбір қаламгердің жеке ӛз басына айтылған сынның жӛні бӛлек.
Себебі кез-келген адамның екі түрлі сипаты болады. Бірі, пенделік жағы да, екіншісі, қайраткерлік
болмысы. Дегенмен, адамның екі кӛрінісі біріккенде ғана тұтас бір адамның әрекеті туындайды.
Сондықтан Б.Момышұлы бір пікірінде сын тезіне алған адамның шығармашылық жетістігін айтса, келесі
пікірінде оның пенделігін айтып, қаһарын тӛгеді. Сондықтан ол «Ӛз заманымызға сынды, билікті ӛзіміз
айтуымыз керек. Сын айту үшін – шын айту керек. Билік айту үшін – біліп айту керек. Қысқарта айтқанда,
сын айтсаң, шын айт, билік айтсаң, біліп айт. Білмей айтқан билік – былшыл», - деуден танбады.
[3.99-бет]
Б.Момышұлы қазақ кӛркем сӛзінің ордасы, ұлттық әдебиетіміздің алтын ошағы саналатын
жазушылар Одағына қатысты сын пікірлерін ӛзінің естеліктерінде жазып қалдырды. Жылдар бойы
халықтың мақтанышына бӛленген одақ жұмысы Б.Момышұлының кӛзқарасы бойынша кешірілмес
8
кемшіліктерге толы. Батырдың мұндай кӛзқарастарын оны жазбаларынан анық аңғарамыз. «Мен ауырып
жаттым. Пленумның шатағына қатысқан жоқпын. Екі шылбыр, бір тізгінді жастарға қимадыңдар.
Извиняюсь! Жастар деп отырғаным 35-40 жаста болу керек. Ал, қарақтарым, жолдарың болсын, бізден
ӛтсе, сендер қайталамаңдар деуге біреуің жарамадың. Орысша благословляю деген сӛз біреуіңнің
аузыңнан шыққан жоқ. Алжыған шалдар, жастарды жӛргегінен құртам деп, ӛз арттарыңды ӛздерің
аштыңдар. История это Вам никогда не простит. Повторяю, ӛз арттарыңды ӛздерің аштыңдар. Мен
ешқандай мәслихаттарыңа қатысқаным жоқ, ауру едім, бірақ та, болжауымша, менің ойым осылай. Мен
ойланып айтып отырмын Сізге. Адамның терең ойланар үш-ақ кезеңі бар. Сіз оған түсінбепсіз.
Олар: а) жалғыздық, қайдан келдім, қайда барамын!?
б) қайдан шықтым, кімге ӛсиет айтамын?
в) насихат айту үшін ақылым жете ме, жетпей ме, айтқаныма түсінер ұрпақ бар ма, қай
жерімнен қателестім...
Осы үш сұрақты ойламағанның біреуі – Сізсіз. Сіз гений деген сӛзге түсінбейсіз. Бәріңіз ӛздеріңізді
гениймін деп түсінесіздер. Сол дұрыс па, ағатай! Бәріміз гений болсақ, қазақ не болады. Соны неге
ойламайсыздар?
Гений – это приоритет народа, а не отдельных личностей. Аспаннан түскен ешкім жоқ... Осыған Сіз
түсінбедіңіз, ақсақал!?», - деп қазақтың классик қаламгері С.Мұқановқа айтқан сӛзінде жанайқай табы бар
емес пе. [3.54-55]
Дана болып ешкім тумайды. Даналық ӛмір тәжірибесінен, ақыл-парасатынан қалыптасатын қасиет.
Даналық дегеніміз – толғанып шыққан тоқсан ауыз сӛздің ғасырлар бойы мәнін жоғалтпауы. Даналық –
халқымыздың ұлттық рухани философиясы. Даналық – жоғары деңгейдегі танымдық, адам баласының
рухани мәдениетінен мол хабары бар дарашылдық жалпылығы ұлттық мінез, ұлттық тарихтан бастау
алады. Даналық – адамның болмыстық қасиеті. Даналық қасиет – ӛткенді таразылау, болашақты болжау,
қазіргі істің түйінін ашу сияқты күрделі ой-әрекеттермен тығыз ұштасқан. [4.15].
Даналық дегеніміз – қалған басқа заттардың болмысын айқындап беретін шалғай себептерді және
себептері бар заттардың таяу себептерін білу. [5.221].
Даналық ұлттың мақтанышы, даналық жеке бастың мүддесінен аспаса қасірет. Жазушылар одағында
болған айтыс-тартысқа қазіргі адамдардан ешкім қатыспаған. Алайда, Б.Момышұлының естеліктерінде
пендешіліктің жетегінде кеткен одақ мүшелерінің келешек жастардың ертеңіне тосқауыл болуы себепті
оның қатты ашуға берілгенін байқаймыз.
Б.Момышұлының сол тұстағын қаламгерлер арасында орын алған туысшылдық, жікшілдік мәселесі
оның Имашевпен арада болған әңгімеден анық байқалады. «Молодое поколение – Вузовцы. В течение
сорока лет руководство Союзом писателей целиком и полностью доверено старшему поколению: Сабита
сменяет Габиден, Габидена сменяет Габит, снова Сабит, снова Габит, снова Габиден, снова Габит, они
незаменимы, лишь происходят смены одного другим. Они сделали немало хорошего, но и много плохого.
Это вам известно больше чем мне.
– В частности …
– Беспринципная группировщина со всеми ее отрицательными последствиями. Злоупотребление
доверием ( властью, именем) в своих личных выгодах. Вовлечение в сферу беспринципной группировки
молодежь…Это для вас не открытие, это давно известный факт…», - деген Б.Момышұлының зілді
айыптауының астарында сол тұстағы ӛмір дәлдігі жатқан жоқ па. [1.48].
Бір ғажабы орталық партия
комитетінің хатшысы Имашев батырдың бұл айыптауымен түбегейлі келіскен.
Б.Момышұлы қазақтың класиктері С.Мұқановпен, Ғ.Мүсіреповпен, Ғ.Мустафинмен соншалықтың
неге ӛшіккен? Кезінде бір-бірімен ағалы-інілі болып араласқан алыптардың арасынан қандай қара мысық
жүгіріп кеткен, анығы белгісіз. Бірақ Б.Момышұлы жоғарыда аталған әдебиет қайраткерлерінің істеген
істеріне кӛңілі толмаған кейіпті аңғартады.
Егер Б.Момышұлы классик қаламгерлердің атақ-абыройын қызғанды дейтін болсақ, онда кей
тұстарда оларды мақтауының сыры неде? Мәселен, 1944 жылғы қыркүйек айындағы әдебиеттанушы
ғалым Е.Ысмайыловпен арада болған хат жазысуда Б.Момышұлы М.Әуезовтің, С.Мұқановтың,
Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мустафиннің атын қызғыштай қорғап, олардың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан
үлесін аса мақтанышпен ауызға алады.
Аталмыш мақаласында Е.Ысмайылов Сәбитті, Мұхтарды, Ғабитті жӛнді-жӛнсіз сынап, ол сында
қаламгерлердің жас қаламгерлердің ӛсуіне кедергі келтіргені, жазған шығармалары арқылы ӛздерінің
мақтанға берілгендігі айтылған. Б.Момышұлы ғалым сынының объективті кӛзқараспен емес, тек олардың
жеке бастарына қатысты сыни кӛзқарастарын сын емес, ӛсек, жала деп қабылдап, сыйласымда жүрген
Е.Ысмайыловқа қарсы шығады. Мәселен, «Жуырда «Социалистік Қазақстан» газетіне Сіздің «Мен мен»
деген «мақалаңыз» басылған екен.
9
Онда сіз қазақ халқының, біздің кеңестік әдебиетіміздің мақтанышы болып отырған үш жазушыны
/Мұхтар, Сәбит, Ғабит/ «соя» сынаған кӛрінесіз. Біз сол «сыныңызды» жанымызды түршіктіре оқыдық та,
Сізге «Социалистік Қазақстан» арқылы хат жазып, ойдағы пікірімізді айтуды мақұл кӛрдік.
Ол үшін жазушыға қоятын Сіздің бірінші кінәңіз: бұларда кішіпейілдік жоқ, ӛз шығармаларын кӛп
мақтайды, сонысына мақтанады депсіз. Сонан кейін үш жазушының ӛздеріне сӛз беріп, әр нәрсені
айттырасыз», - дейді батыр. Қазақ классиктерінің қазақ әдебиетіне қосқан қомақы үлестерін ауызға ала
отырып, сынның да сыны болады деген ойын білдіріпі.
Б.Момышұлының кез-келген мәселеге қатысты ойларының обьективті қырлары оның жан
тазалығының куәсіндей кӛрінеді. Қай нәрсеге болмасын салмақпен, парасаттылықпен қараған ой түйіні
бүгінгі әдебиетіміздің кӛркейуіне де қосар үлесі зор болмақ деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |