Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет9/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   164
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1 Момышұлы Б. Кӛп томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 10-том.–Алматы, «Ӛнер», 2008. 
2 Момышұлы Б. Кӛз алдымда бәріңсің. – Тараз, 2007. 
3. 1 Момышұлы Б. Кӛп томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 9-том.–Алматы, «Ӛнер», 2008. 
4 Сағатова Ә. Қазақ рухани дүниесіндегі даналық мәселесі. (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ). кандидаттық диссертация. 
Қарағанды. 2001 ж. 133 бет. 
5 Әл – Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы. Ғылым. 1975 ж. 418 бет.) 
 
Аннотация.
В этой статье рассматривается мнение Б.Момышулы о творчестве казахских писателей. 
 
Annotation. 
This article focuses on the works of opinion B.Momyshuly Kazakh writers
 
 
ӘОЖ 37.035.6 
А 14 
 
ХАЛЫҚТЫҚ САЛТ - ДӘСТҤРЛЕР МЕКТЕБІ – ТӘРБИЕ БЕРУ НЕГІЗІ 
 
Абдрасилова Г.Л. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-
санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін 
айқындау керек. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, мәдени 
ӛзгерістерге байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру — ӛмір талабы. Әр халықтың 
ұлттық-тарихи дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалық білімі осы оқу-
тәрбие үрдісіне тікелей байланысты. Қазақ халқы - елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, ӛнері мен 
тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағылымдарын 
ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын бағдарламалар, 
оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшеліктер ескеріле отырып, жасалуы 
керек. Бастауыштағы барлық пәндерді салт-дәстүрлерді пайдалана отырып байланыстыра оқыту, шын 
мәнінде оқушылардың алған білімінің тиянақты болуына, оны саналы түрде меңгеруіне, кеңінен ойланып, 
есіне сақтауына мүмкіндік тудыратын әдіс екендігін дәлелдеу үшін халқымыздың салт-дәстүрлерінің бай 
үлгілерін айтуға болады. 
Оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттардың ішінде негізгі мәселелерін бӛліп 
қараймыз: 
- салт-дәстүрлер арқылы қалыптасатын адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің біртұтастығына 
бағытталған мазмұнның қалыптасуы; 
- тәрбие үрдісіне бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-эстетикалық мәдениеттілігін 
қалыптастыруға әсер ететін ұйымдастыру формалары мен әдістерді енгізу; 

салт-дәстүрлер арқылы қалыптасатын адамгершілік-эстетикалық тәрбиенің тиімділігі 
критерийлерін жасау; 
Кез-келген тәрбиенің принципі, соның ішінде эстетикалық тәрбиенің де қалыптасуы адамгершілік 
бағытта болатыны белгілі нәрсе. Эстетикалық тәрбиенің ерекшелігі сол, ол ӛте күшті эмоциялық-жекелік 
реакциясын тудыратын кӛрнекі-сезімдік құралдар арқылы жүзеге асады. Біздің пікірімізше, бұл принцип 
бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты, оларды адамгершілік-эстетикалық 
тәрбиелеуде маңызды және жетекші болып табылады. 


10 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері- практиканттар кейбір пәндердің, сабақ процесінің 
мүмкіндіктерін ӛз тәжірибелерінде пайдаланған жӛн. 
Сабақтардың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына халықтық салт-дәстүрлер арқылы 
адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру. Әрбір сабақ белгілі міндеттерді кӛздейді: 
- балаларға халықтық салт-дәстүрлер туралы бастапқы білім беру, ұғымдарымен таныстыру; 
- жас ерекшелігіне байланысты игере алатын білім мазмұнымен қамтамасыз ету; 
- халықтық салт-дәстүрлер негізінде балаларды гуманды-кӛркемдік сезімдерді бастан кешіруге 
баулу; 
- халықтық салт-дәстүрлер негізінде балалардың бойында адамгершілік-эстетикалық дағдыларды 
қалыптастыру; 
- алған білімдері, білік-дағдылары негізінде адамгершілік-эстетикалық әсерленуін, талғамын
эмоциональды-бағалау қатынасын дамыту. Мысалы, 1-сыныпта «Ана тілі» пәнінен (Атамұра, Алматы) 
«Тӛрт түлік» бӛлімін ӛткенде кӛптеген тақырыптар – «Мал атасы», «Құлыншағым», «Тӛлді қалай 
шақырады?» т.б., «Шаңырақ шуағы», «Үлкенге құрмет – кішіге құрмет», «Әке кӛрген оқ жонар...», 
«Талаптыға нұр жауар», «Сәлем –сӛздің анасы», «Кішіпейілділік – кісілік белгісі» бӛлімдері қазақ 
этнопедагогикасы материалдарына негізделіп берілген. Яғни бұл тақырыптарды ӛткенде қазақтың ата 
кеәсібі, тұрмыс-салт дәстүрлері, қолӛнері, әлеуметтік дәстүрлерін кеңінен қолдануға болады. Осы бірінші 
сыныптың «Математика» пәнінде мынадай тақырыптарды ӛткенде халықтық педагогика элеменеттерін 
қолдануға болады: «Нешінші?» тақырыбы (Мысалы, «Кӛкпар» ойынын қолдануға болады, «Біріктіру және 
бӛліп алу.» (Тӛрт түлікке қатысты ата кәсіп дәстүрлері) т.б. 
«Дүние танудан» - «Табиғат», «Түн тынысы», «Айналадағы дүниемен танысу», «Отбасы», «Ауыл»; 
«Бейнелеу ӛнері» пәнінен «Графика», «Живопись», «Қазақ халқының ӛнері», «Ертегі бойынша сурет 
салайық», «Ӛрнек құрастырайық», «Халық шеберлерінің ісімен танысайық», «Үй жануарларын 
мүсіндейік», «Ұлттық киімдерді әшекейлейік», «Наурыз мерекесі»; «Музыка» сабағынан «Тұрмыс-салт 
әндері», «Тӛрт түлік малға арналған әндер», «Наурыз келді, алақай!» бӛлімдері; «Еңбекке баулу» 
сабағынан «Қоржын жасау»; «Киім кескіндерін аппликациялау», «Қолданбалы ӛнер» бӛлімінен – «Ұлттық 
киім үлгілері», «Зергерлік ӛнер», «Шаршы оюлар», «Кӛркем қолӛнердің ерекшеліктері» тақырыптарын 
ӛткенде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен олардың элементтерін пайдалану арқылы адамгершілік-
эстетикалық тәрбие берудің мүмкіншілігі артары сӛзсіз. 
Екінші сыныпта да халықтық салт-дәстүрлерді пайдаланудың ӛзіндік ерекшеліктері бар. Ана тілі 
пәнінен «Туған елім – Қазақстан», «Асыл сӛз», «Адам болам десеңіз», «Еңбек түбі – береке», «Ӛнегелі 
ӛмір», «Табиғат – тіршілік бесігі», «Біздің тілегіміз – достық» атты бӛлімдерде ұлттық салт-дәстүрлер 
арқылы сабаққа сәтті жол тапсақ, оқушылардың белсенділігі дамып, пәнге деген құштарлығы ояна түсері 
сӛзсіз. Олар - халықтық педагогикада балалар тәрбиесінің таптырмайтын құралы, әдіс-амалы, тәсілі, 
белгілі ережелері мен әдет-дағдылары болды, сонымен қатар құнды адамгершілік қасиеттерін 
(қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық т.б.) және сезімдік-эстетикалық қасиеттерін 
(ӛнердегі, табиғаттағы әдемілікті, әсемдікті талғаммен, сүйіспеншілік сезіммен қабылдау, әсерлену
эстетикалық тұрғыда баға беру қалыптастыратын тәрбие құралы. 
«Қазақ тілінен» – «Зат есімді» ӛткенде әр түрлі ұлттық жиһаздар, мәдени бұйымның атаулары: киіз 
үй, сандық, кебеже, күбі, мес, ожау, диірмен, сырға, шолпы, оймақ т.б. пайдалану арқылы тұрмыс-салт 
дәстүрлерін, «Етістікті» ӛткенде жан-жануарлардың тӛлдеуі, дыбыс шығаруына байланысты ұғымдарды 
меңгерту, мысалы: қой қоздайды, маңырайды, түйе боталайды, боздайды, жылқы құлындайды, кісінейді, 
сиыр бұзаулайды, мӛңірейді, ешкі лақтайды т.б. және «Сын есімді» ӛткенде қазақтың ұлттық заттарын, 
мысалы, жылқының түр-түсін ажыратуға байланысты: жирен, құла, қара қасқа т.б. ұғымдар арқылы ата 
кәсіпке байланысты дәстүрлерді,, «Сан есімді» ӛткенде қазақта қасиетті сан болып табылатын жеті саны 
(жеті қазына, жеті жарғы, жеті ата, жеті шелпек, жеті күн, жұт - жеті ағайынды) туралы, он үш саны (он 
үш мүшел жас) әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерді т.б., «Сӛйлем»тақырыбын ӛткенде «Жеті ауылға 
саяхат» және «Мәтін» тақырыбын ӛткенде «Хан талапай» ойынын ойнату арқылы бала тәрбиесіне 
байланысты салт-дәстүрлерді пайдалану тәрбие мазмұнын арттырып, байытады. 
Математикадан – «Жүз кӛлеміндегі сандар» бӛлімінде – «Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және 
азайту», «Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту», «Кестелік қосу және азайту», «Ондықтан аттап 
ауызша қосу және азайту», «Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту»; «Мың кӛлеміндегі сандар» 
бӛлімінде - «Сандарды оқу, жазу, салыстыру», «Қосу және азайту» тақырыптарын ӛткенде қазақ 
халқының сандарға байланысты игі дәстүрлерін пайдаланған жӛн. 
Дүние танудан – «Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы», «Табиғат», «Ӛсімдіктердің 
тіршілігі», «Жануарлардың тіршілігі», «Отан» бӛлімдеріне енген кӛптеген тақырыптар халықтық мұра 
салт-дәстүрлерді пайдалануды ӛз-ӛзінен қажет етеді. Қазақ халқының салт-дәстүрлері – халықтың 
ғасырлар бойы сыннан ӛткен халық тағлымы екендігі айқын. Олай болса, халықтық салт-дәстүрлер 
мектебі тәрбиелеудің кені дей аламыз. Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыс түрлері ӛте 


11 
кӛп. Мысалы: салт-дәстүрлерге арналған әңгімелесу, тәрбие сағаттары, саяхат, экскурсия, кездесулер, 
онкүндік, түрлі ойындар, КВН-дар ұйымдастыру арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие берудің тың 
жолын салуға болады. 
Бағдарламадағы «Ұлттық салт-дәстүрлер туралы түсінік» тақырыбына әңгіме жүргізуге болады. 
Әңгімені жоспарлы түрде жүргізген жӛн. Алдын-ала қаралатын сұрақтары мен әңгіме барысын айқындау 
алу керек. 
1) Ұлт, ұлттық сезім ұғымдарына анықтама. 
2) Салт дегеніміз не? 
3) Дәстүр дегеніміз не? 
4) Ұлттық салт-дәстүр дегеніміз не? 
«Ұлттық отбасы тәрбиесі» тақырыбына КВН ӛткізіп, отбасындағы қыз бала, ұл бала тәрбиесіне 
орайластырылған «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» атты конкурстар ұйымдастыруға болады. Қорыта 
айтқанда, бастауыш сынып оқушыларының қазақ салт-дәстүрлерінен алған білімдері, іскерліктері мен 
дағдылары түрлі әдіс-тәсілдер (ауызша, жазбаша, әңгімелесу және т.б.) арқылы айқындалады. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің бастауыш сынып оқушыларына қазақ салт-дәстүрлері арқылы 
тәрбие беруге дайындығының деңгейіне талдау жасасақ, дайындық кӛрсеткіштері ретінде қазақ салт-
дәстүрлері жӛніндегі білімдері, салт-дәстүрлерге оқушыларды тәрбиелеу іскерліктері, салт-дәстүрлер 
бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдыларын алдық. Қазақ салт-дәстүрлері жӛніндегі білімі деп 
этнопедагогика ғылымының теориялық негіздерін, салт-дәстүрлер іскерлігін, сол салт-дәстүрлер бойынша 
білімін практикада қолдану қабілетіне ие болуын, ал салт-дәстүрлік дағдылар бойынша ұлттық тәрбие 
беру іскерліктерінің қалыптасуын айтамыз. Сонда бастауыш сынып мұғалімдерінің қазақ салт-дәстүрлері 
бойынша дайындық кӛрсеткіштерінің деңгейлерін, олардың қазақтың салт-дәстүрлерінен алған теориялық 
білімдерін, қазақ салт-дәстүрлері жӛніндегі іскерліктері мен дағдыларын анықтауға болады.
Жоғарыда айтылғандардан тӛмендегідей шешімдерге келдік: 
1.Халыққа білім берудің қазіргі кезеңінде адамгершілік-эстетикалық тәрбие үрдісі ӛн бойына 
аймақтық және ұлттық ерекшеліктерге орай халықтық салт-дәстүрлерді енгізу керек. 
2.Жеке адамның бойына жоғары адамгершілік-эстетикалық қасиеттерді қалыптастыруда басқа да 
құралдармен қатар, ұрпақтардың жалғасын тауып келе жатқан іс-тәжірибесі кӛрінетін халықтық салт-
дәстүрлер үлкен рӛл атқарады, мұнда халықтық педагогиканың бай іс-тәжірибесін және салт-дәстүрлерін 
ӛн бойына жинаған жеке адамның тәрбиесіне қатысты ақылдары мен нақылдары бар. 
3.Халықтық салт-дәстүрлер халық ауыз шығармашылығында, оның ішінде мақал-мәтелдер, 
жаңылтпаштар, ӛлеңдер, жырлар, дастандар мен ертегілерде кеңінен кездеседі. Бұлардың барлығын ӛзінің 
сезімділігімен, тілінің жеңілділігімен балалардың жүрегіне жақын болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісінде 
табысты қолдануға болады. 
4.Қазақ халқының халық ауыз шығармашылығы ӛмірдің ащы шындығын бейнелейтін терең 
реалистік шығармалар. Халықтық салт-дәстүрлердің мәні ӛте зор, ӛйткені оларда адамның жоғары 
адамгершілік-эстетикалық қасиеттеріне қатысты тәжірибелері беріледі. 
5.Халықтық шығармалардан кӛрініс тапқан халықтық салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу халық 
шығармашылығының кӛптеген түрлеріне бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын 
қалыптастырады. 
6.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сабақтан тыс уақытта пайдалану (таңертеңгіліктер, конкурстар, 
викториналар, тәрбие сағаттары және т.б.) балалардың сезімдік ортасына елеусіз түрде әсерге жол ашады, 
олардың халық шығармашылығына, ондағы идеяға қызығушылығын тудырады, яғни тәрбиелеу үрдісін 
жеңілдетіп, оны әрекетті етеді. 
7.Сабақ кезінде және сабақтан тыс уақытта қолданылатын салт-дәстүрлердің тәрбиелеу 
мүмкіндіктерін пайдаланудың қажетті шарттары болып, балалардың жас ерекшелігін ескеру болып 
табылады. 
8.Мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасы жағдайында ғана халықтық салт-дәстүрлер арқылы 
бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік-эстетикалық тәрбие беруде алдын-ала болжанған 
нәтижелерге қол жеткізуге болады. 
9.Адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу құралы ретінде халықтық салт-дәстүрлерді пайдалануды 
мазмұнның мақсатты бағытталған, ұйымдастыру түрлері мен жұмыс әдістері жүйесінде жүзеге асыру. 
10.Бағдарламалар мен оқу кітаптарына енген халықтық салт-дәстүрлер кӛрініс беретін 
шығармаларда оқушылардың адамгершілік-эстетикалық дүниетанымын қалыптастыруды кӛздейтін 
тәрбиелік идеялар мен ойлар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет