17
этикалық қағидалары, эстетикалық талғамы, тәлім-тәрбиесі тілі арқылы сақталып, тілі арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып жататындығы анық. Біздің тіліміздің байлығы мен құнарлылығы кез-келген халықтың
тіліндегі шығармалармен салыстырғанда да анық байқалады. Бұл тіл - ұлы Абай мен Мұхтардың сӛйлеген
тілі. Ата-баба құндылықтарын сақтап, оларды жете біліп, терең меңгеру, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу
аға ұрпақтың парызы. Даналардың даналығы тілі арқылы жеткізіледі. Сондықтан, ең қымбат байлығымыз
– ана тіліміз. Белгілі бір ұлттың мыңдаған ғасырлар бойы бой тұмардай сақталып, аялап келген тарихы,
бай әдеби мұралары, ұлттық құндылықтары да осы тілі, яғни сӛз ӛнері арқылы ғана ұрпақ санасына сіңеді.
Ел басы «Енді ешкім ӛзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік
тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жӛн»,-жӛн деп тіліміздің
мәңгілік тіл болатындығын дәлелді де айқын ойларымен жеткізді. Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер
тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлері жаңа заманға жарасымды жалғасын тапты.
Шынында да, ӛркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, ұлтын ұлықтаған
ұлы тағдырымен, халықтың рухани алтын қорына қосылған қомақты да қыруар ұлттық құндылықтарымен
мақтана алады. Аты – Алаш, сүйегі – ағаш, шаңырағы биік киіз – туырлықты халқымыздың ұрпақтан-
ұрпаққа ұлықтап жеткізуінде қарапайым қағида, ӛлмес ӛнеге жатыр.
Халық бар жерде оның даналығын дәріптер руханияты жүретіні ақиқат. Біз — қашан да ӛткенге
салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз
Қазақ - пейіліне сай ұлан-ғайыр жері бар, асты-үсті толған кені бар, мейірбан, ақ кӛңіл, адал елі бар,
жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ері бар халық. Ары үшін жанын садаға ететін осындай
текті халықымыз толыққанды, тәуелсіз мемлекет болып отыр, оны әлем тануда. Мұндай бақыт арғы-
бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған. Осындай бақытты кезеңде ӛмір сүру
әрбір қазақстандықтың алдына шексіз міндет пен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Тәуелсіз,
экономикалық дамыған мемлекетте ӛмір сүру бақытына ие болып, қызмет етуден артық ештеңе жоқ. Осы
жолда бойымыздағы бар қайрат-қабілетімдізді, білім-білігімдізді аямай жұмсап, қандай тәуекелге де
баруға тиіспіз.
Жетінші құндылық, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, ӛңірлік мәселелерді
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеткендігімізді,
еліміздің нығайғандығын, ұлы жетістіктерімізді еселегендігіміз Ел басы ӛз жолдауында қадап айтты, елдің
алдына үлкен міндеттер жүктеді. Яғни «Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің» идеялық негізі осы мемлекет
құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатқандығын атап ӛтті. Халықтың ұлттық рухы мен ұлттық тілі
ұлттық санасы мәңгілік, рухын кӛтеретін, ұлттық идеяны ұлықтайтын мәңгілік ел болу – Ел басы
жолдауының басты мақсаты
Достарыңызбен бөлісу: