Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет15/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   164
Балаларға арналған әндер
— бұл, санамақтар, ӛлең-әзілдер, ойын кезінде айтылатын әндер, табиғат, 
жануарлар, құстар, тұрмыстағы заттар туралы айтылатын әндер. Кӛшпелі малшыларың отбасында ӛскен 
кез келген балаға жақсы таныс тұрмыстық заттардың бәрі дерлік әндерде бейнеленеді. Мысалы, ерте 
замандарда ер балалар мал бағуға кӛмектесіп, қыздар үй шаруашылығын атқаратын (тамақ дайындау, жүн 
иіру, т.б.).
Лирикалық әндер
— бұл, туып-ӛскен жеріне, табиғатқа, адамға бағышталатын тамаша сезім — 
махаббат шығармалары. Онда адам бастан кешкен шынайы, тұңғиық сезімі, жан толқынысы кӛңіл күй мен 
толғанысы бейнеленеді. Бұл жанр бағытында туған кӛптеген әндер жануарлар мен құстарға арналған. 
Ӛзінің ырғақтылығы мен әуезділігінің арқасында халықтың лирикалық әндер орындауға аса ыңғайлы.
Ересектер айтатын кӛптеген лирикалық тұрмыстық әндерде туған ӛлкеге, үйге сағынышы, бала 
кезіндегі бейқам ӛмірі туралы айтылады. Солардың бірі ―Туған жер‖, ―Әй-әй бӛпем‖ мысал болып 
табылады. Сондай-ақ, кӛптеген лирикалық әндерге астарлау сипаты тән. Мысалы, табиғат сұлулығымен
байланысып жатқан әндер де аз емес. Оған ―Япурай‖, ―Назқоңыр‖, ―Қараторғай‖ және т.б. әндер жатады.
Лирикалық халықтық-кәсіби әндер, сондай-ақ, туған ӛлке, ел-жұрт, табиғат, жануарлар 
тақырыбында қамтиды. Адамның жан күйзелісінің барлық нәзік тұстарын, жанның қуатты да, ынтық 
ұмтылысын, ауыр қайғы мен жарқын қуаныш сәттерінің бәрі осы классикалық халықтық-кәсіби әндерде 
айшықталған /3;5/. Халықтық-кәсіби әндердің жарқын концерттік сипаты оны әуеніндегі екі қайнар 
кӛздің, яғни халықтың әндік екпін мен ақындық мақамның болуынан білінеді. Мұндай әндер 
тыңдармандардың кең қауымына арналған. Қазақ халқында ―Аққұм‖, ―Қызыл бидай‖, ―Жиырма бес‖, т.б. 
сияқты халықтық-кәсіби әндер кең тараған.
Халықтық-кәсіби әндердің атақты авторлары деп Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Ыбырай, Әсет, т.б. 
ақындар саналады. Кӛптеген лирикалық әндердің авторы Ақан сері Қорамсаұлы. Оның ―Маңмаңгер‖, 
―Қараторғай‖ және т.б. сияқты әндері халық арасына кең тараған. Ыбырай Сандыбаевтың атақты әні 
―Гәкку‖ ӛзінің нәзік әрі жүрек тебірентер әуенімен кербез сұлудың сыртқы келбетін табиғаттың сұлу 
кӛріністерімен сәйкестігін салыстыра отырып бейнелеуі «табиғат-адам-қоғам» байланысын кӛрсетеді. 
Мұхит Мералиевтің «Дүние‖ әні халыққа танымал. Жаяу Мұсаның ―Шолпан‖, ―Адасқақ‖, Біржан сал 
Қожағұлұлының ―Айтбай‖ әндері ӛз бойына жарқын бейне, терең мазмұн мен тамаша табиғат сұлулығын
сіңірген.
Ұлы ақын, композитор, қазақ қоғамының дамуына прогрессивті әсер еткен ағартушы Абай 
Құнанбайұлының әндері жоғары деңгейлі табиғат лирикасына ие. Абай әндерінің ӛткірлігі мен әуенінің 
әсемдігі, поэтикалық мәтінінің музыкада үйлесім табуы, шынайылығы басқа халық әндерінен 
ерекшелейді. Оның әндері дайындықсыз орындап отырған адамға да ӛте жеңіл келеді. Абайдың ―Желсіз 
түнде жарық ай‖, ―Қараңғы түнде тау қалғып‖ және т.б. әндері табиғаттың сұлу кӛрінісін ғана емес 
сонымен қатар адамдардың табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын, олардың табиғат байлығын 
сақтап күте білу қамқорлығын оятатын сезімменен халық арасында зор құрметке ие болып 
таралғандығында. Тіптен бүгінгі ұрпақтардың Абайдың табиғат лирикасына жазылған әндерін орындау 
арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын оятып, экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы 
тәрбиелік әлеуеті ӛте зор екендігі ақиқат.
Зерттеу барысында біз аспаптық күй музыкасының да ӛзіндік жанрлық жіктемесін негізге алдық. 
Республикамызда жүргізіліп жатқан түрлі зерттеулер осы мәселеге қатысты толассыз қызығушылықтың 
барын кӛрсетеді (П.Аравин, Е.Айтжанов, Б.Аманов, Т.Беккожина, І.Елеусізова, Т. Мерғалиев, 


20 
А.Райымбергенов, А. Сейдімбек, П.Шегебаев және т.б.) /2;4;/. Солардың арасынан біздің зерттеу 
проблемамызқа қатысты кейбіріне қысқаша тоқталып кетейік.
Т. Мерғалиев күйдің мынадай жіктемесін береді: күй-аңыз, тарихи күй, күй-арнау, лирикалық 
күйлер. Т.Бекхожина сыбызғыға арналған күйді зерттеп, мынадай үш түрін ерекшелейді. Эпостық және 
тарихи күй-аңыздар, жан-жануарлар туралы күй, табиғат туралы күй. Е.Айтжанов пен І. Елеусізова 
тӛмендегідей түрде күйді топтастырады: мифологиялық негізгі бар ежелгі күйлер; қазақ тарихын 
баяндайтын тарихи күйлер, адамның ішкі жан-дүниесін ашатын күйлер және лира-эпостық күйлер.
А.Сейдімбек ӛз зерттеулерін күй-аңыздарға арнаған. Ғылыми және тарихи фактілерге сүйене 
отырып, б.з.д. V—VІІІ ғасырлардан біздің заманымыздың бүгінгі күндеріне дейінгі аралықта дүниеге 
келген күйлердің толық сараптамасын береді. Ол мынадай ретпен жіктеледі:
- тарихи оқиғаларға байланысты күй-аңыздар;
- күйші-композиторлардың шығармашылығы жайлы күй-аңыздар;
- табиғат пен қоршаған орта туралы күй-аңыздар;
- тұрмысқа байланысты күй-аңыздар (мерекелер, күрестер, аңшылық, айтыс, т.б.)
- күй-арнаулар туралы аңыз-әңгімелер (ана, сүйікті жар, жақын адам, балаға, табиғатқа және т.б.)
- жан-жануарлар туралы күй-аңыздар.
Музыкалық педагогика саласында бірқатар ғылыми жұмыстарға жасалған сараптама жанрлық 
жіктеуді қолдану, зерттеуде тиімді нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ете алатынын дәлелдеп берді 
(М.Х.Балтабаев, Ж. Ақбарова, Р.Дүйсенбинова, Е.Қозыбаев, М.Оразалиева) /7/. Атап айтқанда, 
М.Х.Балтабаев күй музыкасын жіктеуде қолданылатын тиімді нұсқа ретінде мыналарды есептейді: 
отбасылық-тұрмыстық, шаруашылық, батырлық, эстетикалық, лирикалық, бейнелік.
Е.Қозыбаев Б.Ғизатовтың еңбегіне сүйеніп, жоғары сынып оқушыларына қазақ халық аспаптық 
музыкасының жанрын зерттеу үшін келесілерді ұсынады: эпостық, тарихи-батырлық (тарихи-
отансүйгіштік), лирикалық, отбасылық-тұрмыстық, ғұрыптық.
Р.К.Дүйсенбинова орта мектеп оқушыларына қазақ халық әндері жанрлық жіктемесінің 
тӛмендегідей нұсқасын ұсынады:
- ғұрыптық-отбасылық (бесік жыры, шаруа жайы, діни, той, жерлеу, қоштасу);
- ӛсиет-әндер;
- тарихи әндер;
- әлеуметтік қарсылық әндер.
- эпостық әндер (дастан, қисса, толғау, терме);
- айтыс;
- лирикалық әндер және т.б.
Ж.М.Акбарова орыстілді бастауыш сынып оқушыларына мынадай жанрлық жіктемені берген дұрыс 
деп есептейді:
- ғұрыптық-тұрмыстық шығармалар (балалар, бесік жыры, ғибраттамалық, айтыс, тартыс);
- тарихи шығармалар (халықтың басынан ӛткен оқиғалар туралы күй мен әндер, батырлардың 
ерлігі);
- эпостық шығармалар (музыкадағы ертегілер мен күй-аңыздар);
- лирикалық шығармалар (табиғат, Отан, адамдар, құстар мен жануарлар туралы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет