21
- ӛз мемлекетінің, туған ӛлкесінің табиғи байлығын құрметтеу мен қадір тұту;
- қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрімен әдет-ғұрпын құрметтеу;
- халық ӛміріндегі айтулы даталардың мәнін түсіну (Жаңа жыл, Наурыз, т.б.);
- табиғат флорасындағы ӛсімдіктер
мен жануарларға, оларды қорғауға үлес қосқан адамдарға
сүйіспеншілік;
- экологиялық, музыкалық білім алуға деген саналы кӛзқарас (мектеп ӛмірін бейнелейтін әндер).
Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс ӛмір сүретін Қазақстанда кӛпұлттық тәрбие, қоғамдық ӛмірге,
әлеуметтік тұрмысқа, айнала қоршаған табиғи ортаға, ӛзге халықтардың мәдениетіне құрмет
міндеті аса
үлкен маңызға ие. Әр халық жалпыадамзаттық нормалары негіз боп қаланған, басқа ұлттарға да түсінікті
табиғат қорғау туралы жеке ұлттық озық салт пен дәстүр сақтауға құқылы. Қазақ халық музыкасының
ӛзге халықтар үшін гуманизм, адамдарға, әсіресе балаларға, айнала қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік
дәстүрлі құндылық болып саналады. Ӛнердің ӛзге де түрлері арқылы, соның ішінде музыкамен әр халық
ӛз түсінігі мен қоршаған орта шындығын қалай кӛретінін білдіреді.
Қорытындылай келгенде оқу-тәрбие жұмысы барысында
іске асырылатын қазақ халық
музыкасының барлық қызметі мақсатқа сәйкес қазақ халық музыкасының педагогикалық мүмкіндіктері
біз шартты түрде топтастырған қызметтердің ӛзара байланысы мен серпімді қарым-қатынасы қамтамасыз
етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: