19
саладағы білімді тереңдетіп қана қоймай, жанрлардың түрлерін ажырата білудегі мүмкіндікті кеңейте
түседі.
Жіктеу
/классификация/ ұғымы латын сӛзінен шыққан, белгілі бір нысананы осы саланың біртұтас
жүйесіндегі нысаналарды классаралық заңды байланысын бекітетін, нысананың ӛзіне тән ортақ
белгілеріне сәйкес классқа немесе бӛлімге бӛлу дегенді білдіреді /30, 235/.
Қазақ музыкатануында ән ӛнерінің анағұрлым толық жіктемесі А.В.Затаевичтің /6/
еңбегінде
кӛрсетілген. Ол қазақ халық әндерінің негізгі жанрларын әннің сипатын, мәні мен мазмұнын терең
сараптай отырып жинақтаған. Оған қоса, ол әндердің жанрларын мынадай топтарға бӛледі: қисса, тарихи,
тұрмыстық (той жыры, жоқтау, бесік жыры), айтыс, әзіл әндер. Осыған ол кӛтеріліс әндерін де қосады.
Бірақ Б.Г.Ерзакович, А.Затавич ұсынған әндерді далалық, теңіздік және теңіз жағалаулық; жылқы туралы
және жылқыға арналған; таулық, авторлық және басқа да жанрлық бӛлінуі негізсіз деп кӛрсетеді /6;7/.
Дегенмен де, А.В. Затаевичтің қазақ музыкасы тарихында алғаш рет атақты халық композиторлары
— Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбайұлы, Жаяу Мұса Байжанов,
Біржан Қожағұлұлы, Мұхит
Мірәлиев, Дәулеткерей Шығайұлы, Ыбырай Сандыбаев және т.б. құнды ӛмірбаяндық деректері мен
сипаттама берген еңбегін айтпай кету мүмкін емес.
Жанрлық бӛлудің педагогикалық маңызына сәйкес, қазақ халық музыкасының қарастырылып
отырған жанрларының мазмұндық сипаттамасын беріп, оның атқаратын қызметін кӛрсетуді жӛн кӛрдік.
Достарыңызбен бөлісу: