208
қалқаны онша үлкен болмайды, сондықтан қан сорған сайын денесі үлкейе түседі. Еркектерінде қалқаны
арқа жағының барлығын жауып тұрады, содан қанды аз сорады және денесі ұлғаймайды.
Boophilus туысы
(бұқа сүйгіш). Біздің аймақта бірақ түрі В.саlcaratus, кездеседі. P.bigeminum,
Fr.Colhicа-ларды тасымалдайды. Бұл кене Кавказда, Заакавказда, Қазақстанның оңтүстігінде, Орта Азия
мемлекеттеріде мекендейді. Шӛбі ӛсімді, бұталы жерлер кене биотопы саналады. Айдалған жерлерде,
орманда, теңіз деңгейінен 900-1200м биік тау бӛліктерінде бұл кене кездеспейді. Қыс кезінде кененің
личинкалары қырылып қалады. Кӛктемде солтүстік ареалдарында, наурыз-сәуірде личинкалары шабуыл
жасайды, ал оңтүстік аудандарда шабуылы ертерек басталады, кӛбінесе ірі қарада паразиттейді.
Қоршаған ортаның температурасына байланысты, мал денесінде 25-40 күндей болады. Ұрғашылары
қанға тойған соң, жерде жұмыртқалайды. Жұмыртқаларынан личинкалары шығады. Тыным кезеңі ӛткен
соң личинкалар шабуыл жасап генерациясын аяқтайды. Личинкалар биотопта қорексіз 5-7 айға дейін ӛмір
сүре алады.
Кӛктемде бірінші генерациясы біткен соң маусым айынан екінші генерациясы басталады.
Қыркүйекте кенелер үшінші рет шабуылдайды. Личинкалардың бір бӛлігі жерде қалып қыстайды.
Оңтүстік ареалда В.саlcaratus-тың тӛртінші шабуыл кезеңі болуы мүмкін. Бұл кенені жұмыртқа салатын
және личинкалары шығатын биотоп жерін жыртып құртады, ал жануарлар үстіндегі кенелерді,
акарицидтермен домдайды.
Достарыңызбен бөлісу: