209
қоректенеді. Ересек кенені малда жаз бойы кездестіруге болады. Балаңқұрт пен нимфаның паразиттік
тіршілігі маусымнан қазанға дейін созылады. Күзде
нимфа ересек кенеге айналып, кӛктемге дейін
диапаузаға енеді. Бұл кене түрін Hyalomma marginatum marginatum деп те атайды. Мекен ететін биотопы
жыртылмаған жайылымдық жерлер болып табылады.
Гиаломма азиатикум кенесі
қысқы ұяларынан наурыз айында шығады да, қыркүйекке дейін
белсенді ӛмір сүреді, ӛсіп-ӛнеді. Ересек кенелер мамыр-шілде айларында кӛбейеді. Ұсақ және жас кенелер
майда кеміргіштердің қанымен қоректеніп, солардың інінде болады. Ересек
кенелерде қыста солардың
інінде жатады, күн жылыған соң одан шығады да, ірі омыртқалы хайуандарға жабысып, солардың
қанымен қоректенеді. Ересек кенелердің қоректенетіні үй жануарлары. Гиаломма азиатикум кенесі әсіресе
түйелерде жиі кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында қырым қанды безгегімен ауырғандар жыл сайын тіркеледі.
Қатерлі дерт негізінен кене секілді жәндіктерден мал мен адамға жұғады. Денсаулық сақтау
министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда 2009 жылдың сәуірінен бастап 2012 жылға дейін 17 рет
конго-қырым безгегіне шалдығу оқиғасы болған. Оның 14 -і Оңтүстік
Қазақстанда болса, үшеуі
Қызылорда облысында тіркелген.
КҚҚБ алдын алу және сапалы диагностикамен қамтамасыз ету үшін эпидемиологиялық мерзімде,
сәуірден-шілде айына дейін Талас, Сарысу, Мойынқұм аудандарында
бактериологиялық жылжымалы
зертхана жұмыс жүргізді.
2012 жылы КҚҚБ табиғи ошақтарынан ӛте қауіпті 34054 дана иксод кенелерін жинаған, солардың
ішінен КҚҚБ-71, кене энцефалиті (КЭ)-41, туляремия – 35 ауру қоздырғыштары табылды.(Кесте-1 )
Достарыңызбен бөлісу: