Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет150/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   164
 
Аннотация
Мақалада Оңтүстік шығыс Қазақстан жағдайында бидайды будандастыруда масақтарды 
тозаңдануға дайындаудың тиімді әдістері анықталған. 
Annotation. 
The article presents the conclusion ears for the castration and indentify the best ways pollination 
when hybridization wheat in conditions of the South-East of Kazakhstan. 
 
 
ӘОЖ 591.1.Т78 
 
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТАРАЛҒАН ЖАЙЫЛЫМ КЕНЕЛЕРІНІҢ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН КҤРЕСУ ШАРАЛАРЫ 
 
Тӛлеубаев Б., Иманалиева А., Тулеубаев Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Иксодтық кенелер қансорғыш жәндіктер. Қан олардың жалғыз ғана азығы, ал қансору – азықтану 
тәсілі болып табылады. Олар тек қана жануарлардың қанын сорып, организміне зияндылығын тигізіп 
қоймай, малдың және адамның кӛптеген трансмиссиялық ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды.


206 
Hyalomma туыстасына жататын кенелер ауыл шаруашылық малдарының тейлериоз, пироплазмоз, 
бруцеллез, листериоз, лептоспироз сынды ауруларын таратады. Жамбыл облысының ауыл шаруашылық 
саласы жоғарыда аталған аурулардан жыл сайын кӛптеген экономикалық шығынға ұшырауда. 
Эпидемиологиялық мәні бар иксодтық кенелер оңтүстік ӛңірде адамзатқа ӛте қауіпті Конго-қырым 
қанды безгегінің, Ку-безгегі, туляремия, кене энцефалиті, бруцеллез, оба, құтыру, лептоспироз, 
риккетсиоз және басқа да аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы болып табылады.
Бунақ буындылар арқылы тарайтын қоздырғыштар мен аурулардың ішінде Қазақстанда 
кездесетіндері кене энцефалиті мен Қырым геморрагиясы. Адам денсаулығына ӛте қауіпті осы екі 
жұқпалы ауру 20-ғасырдың отызыншы және қырқыншы жылдары мамандардың назарын аудара бастаған. 
Кене энцефалиті мен қырым геморрагиясының қоздырғыштары арбовирустар тобына жатады. Соңғы 
кезде елімізде, оның ішінде Қазақстанда осы топқа жататын елу шақты арбовирус бар екені анықталған. 
Қазақстанда осы топқа жататын кене энцефалиті мен қырым геморрагиясы ауруларына тән табиғат 
ұялары да кездеседі. Мысалы, кене энцефалиті негізінен орманды Шығыс Қазақстан, Талдықорған және 
Алматы облыстарында кездессе, қырым геморрагиясы – Қазақстанның Алматы, Шымкент, Жамбыл, 
Қызылорда, Ақтау облыстарының құмды, шӛлді жайлымдарында кеңінен тараған. Жартылай шӛлді 
аймақта қырым геморрагиясын негізгі таратушысы гиаломма азиатикум.
Республикамызда кездесетін қырым геморрагиясы ауруы ел арасында «кӛкала» деп аталады, 
ӛйткені науқастың терісі астына, бұлшықеттеріне қан құйылуы салдарынан ол кӛкала болып кӛрінеді. 
Кӛкала ауруы адам ӛміріне ӛте қауіпті, бұдан ӛлім-жітім жиі кездеседі. Қырым геморрагиясы (кӛкала) – 
кенеттен пайда болатын ауру, оның сырт белгілері жалпылай улану түрінде байқалады, аздап қан кетіп, 
қандағы лейкоцит және тромбоцит клеткалары азаяды. Бұл ауру бірден байқалады, адамның басы 
ауырып, тамаққа тәбеті болмайды. Дене қызуы тез кӛтеріледі, лоқсиды, іш ӛтеді, белі сырқырайды, қан 
қысымы тӛмендейді, мұрыннан қан кетеді.. Бұл әрі жұқпалы, әрі қауіпті ауру. Қазақстанда қырым 
геморрагиясымен адамдардың белгілі тобы ғана ауырады. Олар: шопандар, сауыншылар, малшылар, жеке 
меншігінде мал ұстайтын адамдар.
Кӛкала ауруының ғылыми атауы қырым геморрагиясы. Бұл аурудың қоздырғыш вирусы алғаш рет 
1945 жылы Қырым түбегінде ауырған адамның және кенелердің қанынан табылған Қазақстанның 
оңтүстік аймағының ауа-райы иксодтық кенелердің ӛсіп-ӛнуі және дамуы үшін ӛте қолайлы, сондықтан 
да бұл жәндіктер аймақтың табиғи мекен етушілері болып табылады. Сонымен қатар облыс кӛлемінде 
кенелерді жою жұмыстары әлі күнге дейін жүйелі жолға қойылмаған. Аталған аурулардың таралуына 
кедергі болуға және жануарларды аман сақтап қалу мақсатындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару 
бүгінгі күннің ӛзекті мәселесіне айналып отыр. Сондықтан да, кенелерге қарсы күрес шараларын 
ұйымдастыруда тӛмендегідей мәселелерді негізге алу қажет:.
- Қазақстанның оңтүстігіндегі иксодтық кенелердің түрлік құрамын, таралуын, маусымдық 
динамикасын ӛңірдің географиялық аймақтарына қарай зерттеу; 
- Иксод кенелерінің биологиялық ерекшеліктерін сипаттау;
- Жамбыл облысында тараған иксода кенелерінің түрлерін қарастыру; 
- Кенелер тарататын аурулар мен олардың алдын алу шараларын қарастыру;
- Жамбыл облысында жайылым кенелерімен күресудің тиімді жолдарын ұсыну. 
Кенелерді жануарлар денесінде және қора жайларда жою тиімді болып есептелінеді. Ал табиғи 
жайылымдарда бұл жәндіктерге қарсы шара қолдану ӛте қиын мәселе екені айқын. Кенелерді жою үшін 
олардың ӛсіп-ӛнуін, мекен ететін ортасын жақсы білу қажет. Қора – жайларда және мал тұратын басқа да 
орындарды кене және басқа да зиянкес жәндіктерден арылту үшін жылдың жылы мезгілінде алдымен 
акарицидті препараттардың сулы ерітінділерімен жуып-шайып, орны кепкен соң акарицидті 
препараттардан жасалынған дусттарды сол жерлерге сеуіп тастау қажет. Жылдың суық мезгілдерінде 
қораның іші кеппей қалатындықтан, сулы ерітінділерді қолданбай, тек қана дусттарды себуге тура келеді. 
Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында 42-46 с.е.- мен 69-75 ш.б. аралығында Евразия 
материгінің терең қойнауында, мұхит-теңіздерден шалғайда (3000 шақырым қашықтықта), қоңыржай 
климаттық белдеуде орналасқан. Солтүстік аймағы жазық - Мойынқұм, Бетпақдалаға ашық тосқауылсыз 
шығып жатса, шығысында Алатау (Шу-Іле таулары), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау 
тауларымен шектеседі. Шу және Талас ӛзендерінің тӛменгі ағысында орналасқан. Жалпы алып жатқан 
жер кӛлемі 145,2 мың шаршы шақырым. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 400 шақырымға созылса, ал 
батыстан шығысқа 500 шақырымға созылады. 
Осы жағдай облыс климатының шұғыл континентальды болып қалыптасуына әсер етеді. Ал оның 
салдары облыстағы ауа температурасының жылдық және тәуліктік тербелісінің (амплитудасы) шұғыл 
ӛзгеріп, салыстырмалы ылғалдылық пен бұлттылықтың тӛмен, құрғақшылықты болып қалыптасуына,
жыл мезгілдерінің ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі мен шӛл ландшафтысының дамуына ықпал 
жасайды. Табиғаттың осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геосистемалардың антропогендік әрекеттерге 
тӛтеп бере алу қабілетінің тӛмен, табиғи шӛл басу мен қуаңшылыққа - бейім екендігін кӛрсетеді.[ 8] 


207 
Жамбыл облысының
 
жер бедерінің 90% жазық, ал 10% таулы болып келеді. Облыстық шекара 
республиканың мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келеді, ол табиғи шекара болатын – Қырғыз Алатауы 
(4000 м) жотасымен ӛтеді. Облыстың шығысында Шу-Іле таулары (Айтау, 1800 м), оңтүстік батысында 
Қаратау (700-1600 м) солтүстіктен-оңтүстікке бойлық бағытында созылып жатыр. Осы таулардың 
тосқауылдық функциясына назар аудармауға болмайды. Оның беткейлерінде атмосфералық жауын-
шашын мӛлшері мол түседі, себебі тау беткейлері ылғалды ауа массаларын ұстап қалады. Биіктікке 
байланысты ауа температурасының тӛмендеуі мен ылғалдың мол түсуінен Қырғыз Алатауының биік тау 
шыңдарында тұрақты қар жамылғысы мен тау мұздықтары қалыптасқан. Осы мұздықтардан ӛлкенің су 
қорын құрайтын, ірілі-кішілі ӛзендері басталады. 
Жамбыл облысының солтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс шекаралары ашық, табиғи 
тосқауыл болатын таулары жоқ. Солтүстігінде сәл кӛтеріңкі Бетпақ дала (300-450м) сазды шӛлі оңтүстікке 
біртіндеп аласа Мойынқұм құмды шӛліне (200-300м) ұласады. Облыстың осы орталығындағы жазық 
бӛлігін кейде аккумулятивті тӛмен түскен, Шу-Талас бассейні деп атайды. Облыс жерінің солтүстігінде 
тосқауылсыз жазықты ашық жатуының экологиялық салдарын арктикалық суық континентальды және 
Сібір антициклонының құрғақ суық ауа массаларының әсіресе, кӛктемде және күзде келуі ауыл 
шаруашылық дақылдарына зиянды әсер ететін үсіктердің жүріп ӛтуіне себеп болады. Облыстың 
батысындағы аласа Қаратау жоталары, Жерорта теңізінен келетін Атлант ауа массаларымен, 
контенентальды тропикалық құрғақ ауа массаларына кӛп жағдайда тосқауыл бола алмайды.
Облыс жеріне түсетін атмосфералық жауын-шашынды түгелдей дерлік осы атлант мұхитынан 
келетін ауа массасы әкеледі. Табиғи ортаның экологиялық жағдайына және оның ӛзгерістеріне климаттың 
қосатын үлесі мол.
Табиғи ортаның тепе-теңдігінің бұзылуына Жамбыл облысындағы топырақ жамылғысының табиғи 
қасиеттері де әсер етуде. Топырақтың әр-түрлі типі мен оның түрлері облыс аумағында бірін-бірі жиі 
алмастырып дамыған. Территорияның 90% алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды, 
саздақты, әрі жұқа құнарлығы тӛмен болады. Осындай экологиялық қасиеті бар топырақ жамылғысы, 
эрозия мен дефляцияға ӛте тез ұшырайды. Осындай табиғи құбылыстарға адамның шаруашылық 
әрекеттері де кӛп ықпал жасайды.
Жамбыл облысының табиғаты жұқпалы ауру тарататын кенелердің ӛмір сүруіне ӛте қолайлы 
облыстардың бірі болып табылады. Сондықтан мал санының кӛбейюі кенелер үшін тиімді қоректену 
нысаны болып табылатындықтан оларға қарсы қолданылатын шаралардың тиімді жолдарын анықтау 
жұмыстың ғылыми жаңалығын кӛрсетеді. Сонымен Жамбыл облысының табиғаты мен географиясы 
кенелердің ӛмір сүруіне ӛте қолайлы облыстардың бірі болып табылады. 
Иксод кенелері ӛмір сүру үшін климаты және жер рельефі ыңғайлы табиғи орта, қан сору үшін 
қоректенетін жануарлар қажет. Олардың экологиясы мен биологиясы әртүрлі. 
Жамбыл облысы мал басы санынан республика бойынша Алматы, Оңтүстік Қазақстан 
облыстарынан кейінгі үшінші орынды иемденеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 3 миллионнан астам қой-
ешкі, 800 мыңға таман ірі қара тіркелген. Міне, осы жануарлардың кӛбі дерлік кенелер үшін қоректену 
нысаны болып табылады. Кенелердің саны соңғы 10-15 жылда күрт ӛскен, осы жайт адам және мал 
дәрігерлерін, мал иелерін қатты алаңдатуда.
Жамбыл облысында Иксода кенелерінің Boophilus туысы (бұқа сүйгіш), Boophilus calcaratus, 
Hyalomma туысы (шыны кӛз) – сары кенелер, Нyalomma рlumbeum – екі иелі кене, Гиаломма азиатикум 
кене түрлері кездеседі. Олардың ветеринарлық мәнділігі адам мен жануарлардың инфекция және


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет