-Соңғы рет қашан гүл
алғанымды ұмытып қалдым, жаным,
білесің бе, сен маған ұсыныс жасаған кезде күшті роза сыйлап
едің ғой. Сол кездерді аңсап кеттім,- дейсіз немесе тағы сол
сияқты ойларды айтасыздар. Бірақ міндетті түрде ереже
болсын.
Сосын 3-4 күн оны сыйлық
сұрауға дайындап жатқанда,
рахмет айтуды, алғыс айтуды үйреніңіз. Еркек үшін ең
маңызды нәрсе - алғыс айту және оны қадірлеу. Біз әйелдер көп
нәрсені міндет көреміз. Ол қоқысты шығарса, есікті ашса,
суыңызды
төгіп берсе, балаға қараса оның барлығы оның
міндеті ғой деп қараймыз. Сол үшін біз рахмет айтуды көп
кезде ұмытып кетеміз. Бір іс жасап берсе, "жарайсың, рахмет,
сен болмасаң кім жасап береді"
деудің орнына, "неге мына
жерді қаздың, неге басқа тамақ алып келдің, мен саған қара нан
дедім ғой, сен ақ нан әкелдің, мен саған қаймақ әкел дедім, ал
сен қаймақ әкелмедің, сен үнемі ұмытып кетесің" деген сияқты
сөздер айтасыз. Осындай сөздердің барлығын тастаймыз. Кез-
келген оның көмегіне рахмет айтуды ұмытпаңыз. Шынайы,
құшақтап, бетінен сүйіп, ол сіздің күйеуіңіз, түнде бірге
ұйықтайтын адамыңыз, жан-жарыңыз,
сіз одан ұялмау
керексіз. Рахмет айтуға қысылмаңыздар. Егер біз алғыс айтып
үйренсек және өтінішті сұрай ала білсек біздің көп
мәселелеріміз шешілер еді. Өтініш сұраған кезде қызыңызға
қараңыз. Кішкентай қызыңыз
болса әкесінен қалай сыйлық
сұрайды, қалай тәтті сұрайды? Кішкентай қыздар еркелеп
сұрайды ғой, міне соны қадағалап қарап, қызыңыздан
үйреніңіз.
Некеге дейін...
52
-Мариновать етеміз 3 күн (тақырыпта толық айтылған).
-Раxмет айтып, эмоцияны көрсетіп үйренеміз.
Әр ісіне, көмегіне раxмет айтамыз.
-Күйеуіңізден бір өтініш сұрайсыз, ЕРКЕЛЕП.
(тәттілер, сыйлық, гүл, өзіңіз білесіз)
-Үй шаруасына көмектесуге күйеуіңізден өтініп сұрайсыз.
Көмекші сөздер:
Сен көмектеспесең, менің қолымнан келмейтін сияқты.
Мен үлгере
алмай жатырмын, маған осыны жасауға
көмектесші.
Сенің күшің көп қой, көтеріп апарып берші.
Әр ісіне “раxмет” деп бетінен сүйеміз.
Некеге дейін...
53
Достарыңызбен бөлісу: