Microsoft Word Берке Аю !docx


 Беркеге жарнаманың пайдасы?



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
берке аю

3. Беркеге жарнаманың пайдасы? 
 
Орманды қаласына жадыраған жаз да келді. Бал аралары уəделерінде тұрып, 
бөшке-бөшке бал əкеп берді. Тиіндер жаңғақпен қоса тəтті жидектер əкелді. Кірпілер 
алмамен қоса алмұрт, өрік əкелді. 
- Ал енді, саудам қызады, - деді Берке аю тауарларды сөрелерге қойып жатып. Бірақ 
кеш қарайып қалғандықтан дүкенге ешкім келе қоймады. Мұның мəнісін түсіне 
алмаған аю, көңілсіз отыр еді «пыыр» етіп сауысқан кеп қонды. Қулы көздерімен дүкен 
ішін бір сүзіп шыққан сауысқан Аюға:
- Берке, неге мұңайып отырсың? Неге сауда жасамайсың əлде тауарлар нашар ма? – 
деді. 
- Жоқ, сауысқан. Тауарларым балғын. Бірақ келушілер жоқ, - деді Берке мұңайып.
- Неге бұлай? – деді сауысқан. 
– Білмеймін. Мүмкін дүкенімді білмейтін шығар, мүмкін ұмытып кеткен шығар, 
білмеймін. 
- Түсінікті, - деді сауысқан. – Білесің бе, сенің дүкеніңе жарнама керек. Мен саған 
көмектесемін. 
- Жарнама? Ол не? Ондай тауар жоқ мен де, - деді аю таңырқай.
- Жоқ, ол тауар емес. Мен қазір бүкіл Орманды ішін аралап ұшамын да, сенің дүкенің 
қайда екенін жəне дүкеніңде қандай тəтті жеміс пен жидектер бар екенін айтып жар 
саламын. Барлық аң мен құс, жəндіктер еститін болады. Ал сенің хош иісті балыңды 
мақтағанымда келушілерден аяқ алып жүре алмай қаласың! Мен сенің дүкеніңе 
жарнама жасап жүргенімде сен де қарап отырма! Тауарыңды жарнамалап үйрен! 
Дүкеніңнің сырты мен ішін ретке келтір!
Осылай деп саңқ еткен сауысқан Орманды ішіне сіңіп кетті. Берке лезде дүкенін 
ретке келтіруге кірісті. Алдымен сөрелерді жуып-сүртті. Терезелерді бояды. Самсап 
тұрған жеміс-жидектерді себеттерге салып қойды.
Осылайша аюдың апаны жай ғана апан емес, тап- таза, өте сəнді дүкенге 
айналды. Көп уақыт өтпей дүкенге бір топ елік келіп Берке аюдың дүкеніне сүйсіне 
қарады.
- Келіңдер, достар! Кімге жаңғақ берейін, кімге бал? Бізде алмұрт та бар, алма да бар! – 
деп аю еліктерге сауда жасап тұрғанда ентігіп қоян кіріп келді: - Сауысқан мақтаған 
бал осы жерде ме?
Осы сəттен бастап, Берке аюдың дүкеніне келушілер толастамады. Біреулер 
жүгіріп келіп жатса, басқалары ұшып келіп жатты. Бəрі де сауысқан мақтаған 
тауарлардың дəмін татып көрмекші. Сауысқанның тапқырлығы мен Берке аюдың 
ептілігінің арқасында дүкен жұмысы жанданып, Берке аюдың дүкені Орманды 
қаласына танымал бола бастады.
Балақай, келесі оқиғаны оқымас бұрын ақылгөй қарғаның сұрақтарына жауап 
іздеп көрейік. 
1. Бір көшеде екі етікші тұрады. Бірінші етікші есігіне «Бұл жерде осы қаланың ең 
мықты етікшісі тұрады» деп жазыпты. Екінші етікші болса «Бұл жерде осы көшенің ең 
мықты етікшісі тұрады» деп жазыпты. Сенің ойыңша қай етікшіге көп тұтыншуы 
(клиент) келеді? Себебін түсіндір.
2. Дүкенде бірдей тауарлар сатылады. Сенің ойыңша қай дүкенге келушілер көп 
болады жəне неге?
3. Анаңның пісірген дəмді тоқашына жарнама жасап көр!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет