Microsoft Word Берке Аю !docx


Берке аю баға қойып үйренуде



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
берке аю

4. Берке аю баға қойып үйренуде 
 
Жаздың ортасы Берке аюдың дүкенінде сауда қызып жатты. Есептеп қараса, бал 
емес жеміс-жидектер өте тез сатылып жатыр екен. Көп ойланбастан Берке аю жексенбі 
күні тауға шығып, көп қылып жеміс- жидек теріп əкеледі. Оның қоржынында 
құлпынай, қарақат, таңқурайлар бар еді. Тəтті жидектердің хош иісі Орманды 
тұрғындарын мен мұндалап шақырып жатты. «Ақыры тұрғындар жидекке құмартып 
жатыр екен, мен де бағасын көтеріп көрейін» деп шешті Берке аю. Орманды 
тұрғындары тəтті жидектерді сағынып қалған екен, қымбатсынбай ала берді.
Міне, қоян кішкентай көжектеріме деп дəмі тіл үйіретін құлпынайдан екі шелек 
алып кетті. Артынша түлкі келіп сүйрік саусақтарымен алманың ең піскендерін таңдап 
ол да екі шелек жəне əкетті. Берке аюдың қуанышында шек болмады. Таудан теріп 
əкелген 5 қап жемісінің бір аптада таусылып қалғанын байқамай қалды.
Келесі жексенбі Берке аю тауға тағы барып 10 қап жеміс теріп əкеледі. Қайтар 
жолда «Орманды тұрғындары тəтті жемістерге құштар екен, тағы да бағасын қымбат 
қоямын, қыста қонжықтарыма жаңа шана əперемін» деп армандайды. Өзіне қөңілі 
толған Берке дүкеніне келіп, жемістерді себеттерге ретімен орналастырды. Үстіне ақ 
халатын жамылып, келушілерді күтіп отырды. Алайда бəрі Берке аю ойлағандай 
болмай шықты. Дүкенге кіргендер өзара күбірлесіп кетіп қала берді. Тəтті жидектерді 
ешкім алмады. Кешқұрым дүкенін құлыптап жатқан Берке аю көңілсіз еді. Балғын 
жидектерді неліктен ешкімнің алмағанын түсіне алмады. Оның себебі тек ертесіне 
белгілі болды. Ертеңіне таң азанымен апалы-сіңлілі торғайлар келеді. Сөрелерге қарап:
- Ой Аюеке, құлпынайың қымбат қой. Тауда құлпынай толып жатыр сол жерден теріп 
жейміз, - деді де ұшып кетті. Олар солай істегенімен қоймай басқаларға да айтып 
үлгереді.
Осы оқиғадан кейін Берке аю жаңа теріп əкелген 10 қап жидекке алаңдай 
бастады.
Босқа бұзылса обал ғой? Осыны ойлаған Берке аю егер тауарлар сатылмай 
жатса бағасын түсіру керек деп шешті. Ертесіне солай істеп еді, келушілер саны тағы 
да артты.
Ормандағы жидек көп пе, аз ба; оларды теру оңай ма, қиын ба; сапасы жақсы 
ма, нашар ма деп саралай келе бағасын қою керек екен. Осылайша Берке аю саудада 
баға қоя білуді өз тəжірибесінде үйренді жəне оның маңыздылығын білді.
Балақай, келесі оқиғаны оқымас бұрын ақылгөй қарғаның сұрақтарына жауап 
іздеп көрейік.
1. Жазда Берке аю бір себет алманы 50 теңгеден сатты. Ал қыс мезгілінде 100 теңгеден. 
Не себепті алма қыста қымбат сатылады? Қалай ойлайсың?
2. Бірдей конфет берілген. Бірақ бағасы əртүрлі. Неліктен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет