Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Ұшқыш бейсу еріткіштер. Этил спирті (этанол)



Pdf көрінісі
бет148/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 
Ұшқыш бейсу еріткіштер. Этил спирті (этанол). 
C
2
H
5
OH - Spіrіtus aethylіcus, 
Spіrіtus vіnі, Ethanolum. 


210 
Этанолды шартты түрде бейсу еріткішке жатқызады, себебі, тәжірибеде 
абсолютті этанол емес, оның спиртті-сулы ерітінділері қолданылады. Сулы-
спиртті ерітіндінің концентрациясын көлемдік пайызбен белгілейді және ол 20
0
С 
температурадағы абсолютті этанолдың миллилитрмен берілген мөлшерін 
көрсетеді. 
ҚР МФ II томына Этанол (96%) және Этанол сусыз мақалалары, КСРО МФ 
X басылымына «Spіrіtus aethylіcus 95%» және «Spіrіtus aethylіcus 90%, 70% et 
40%» мақалалары енгізілген. 
Этанол мөлдір, түссіз, қозғалғыш, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар
78
0
С температурада қайнайтын ұшқыш сұйықтық. Этанолда полярсыз заттар 
(органикалық қышқылдар, эфир майлары және майлар, камфора, ментол, йод, 
танин, левомицетин және т.б.) ериді. Этанолдың еріткіштік қасиеті оның 
концентрациясына байланысты. Мысалы, майсана майы абсолютті этанолда өте 
жеңіл ериді, 85% этанол тек қана 10% майсана майын ерітеді, 70% этанолда тек 
1% мөлшерде ғана май ериді, ал 40% этанол майсана майын мүлдем ерітпейді. 
Этанол сумен, глицеринмен, эфирмен, хлороформмен, ацетонмен жеңіл 
араласады. Этанол ерітіндідегі концентрациясына байланысты бактерицидті және 
бактериостатикалық қасиет көрсетеді. 
Бірқатар артықшылықтарына қарамастан, этанолдың еріткіш ретінде, 
қолданылуы шектеулі. Себебі ол: 
-
фармакологиялық индифферентті емес; 
-
дегидраттау, яғни заттардың суын өзіне тартып алу қасиеті бар; 
-
ұшқыш, оңай жанады; 
-
спирт пен суды араластырған кезде оның көлемі су мен спирттің көлемдерінің 
арифметикалық қосындысынан кем болады (контракция құбылысы). 
Этанолды жақсы тығындалатын ыдыста, салқын, оттан алыс жерде 
сақтайды. 
Дәрілік түрлер дайындаған кезде этанол көлеммен дозаланады. Таза күйінде 
этанол салмақпен дозаланады. 
Хлороформ 
CHCl
3
- Chloroformіum. 
Хлороформ – үш-хлор-метан - түссіз, мөлдір, қозғалғыш, өзіне тән иісі және 
тәтті күйдіргіш дәмі бар ұшқыш сұйықтық. Органикалық еріткіштерде (этанол, 
эфир, өсімдік майларында) жақсы ериді; суда аз ериді; глицеринмен араласпайды. 
Сондықтан, суда ерімейтін немесе аз еритін заттар: бензой қышқылы, бутадион, 
камфора, ментол, хлорбутанолгидрат, левомицетин және т.б. хлороформда ериді.
Хлороформ, галоген туындылары сияқты, есірткі және дезинфекциялық 
(зарасыздандыру) қасиеттерге ие. Күшті әсер ететін затқа жатады, сондықтан 
оның қолданылуы шектелген. Хлороформ линименттер технологиясында кеңінен 
қолданылады. Этанолдан айырмашылығы - салмақ бойынша дозаланады.
Хлороформ жақсы тығындалатын ыдыста, салқын, жарық түспейтін жерде 
сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет