Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет163/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

ЖМҚ молекуласының түрі. 
Изометрлік макромолекулалы ЖМҚ – 
полярлы және ұзындық өлшемдерді бірдей. Сфера түріндегі ЖМҚ шексіз 
ісінетінге жатады. Олар аз ғана ісінеді, пепсин, лидаза, трипсин және т.б. 
Асимметриялық ЖМҚ – ұзындығы көлденең өлшемінен (енінен) көп есе 
үлкен шекті ісінетін ЖМҚ жатады – еріу кезінде ісінеді (желатин, 
целлюлоза және оның туындылары) және жоғары тұтқыр ерітінділер түзеді. 
Температура. 
Желатин мен крахмал ерітінділерін дайындау үшін 
температураны жоғарлату қажет. Қыздыру - бөлме температурасында 
ерімейтін 
сілбінің 
ерітіндіге 
өтуіне 
жағдай 
жасайды, 
ал 
метилцеллюлозаның ерітіндісін дайындау үшін температураны төмендету 
керек. 


228 
Электролиттік қасиеті. 
Егер жазылымдағы дәрілік заттар электролит 
немесе су сіңіретін болса, онда олар ісіну көлемін төмендетеді. 
Дисперстік дәрежесі. 
Жоғары молекулалы заттардың майдалану 
дәрежесі: алдын ала майдалу ісіну процесінің жылдамдығын жоғарлатады. 
ЖМҚ ерітінділері - тұрақты жүйелер, бірақ кейбір жағдайларда 
(тұздану, коацервациялану) тұрақтылығы бұзылып сілбіге айналуы мүмкін. 
ЖМҚ тұрақтылығына әсер ететін факторлар: 
Тұздану
- еріген ЖМҚ тұнбаға түсуі, ерітіндіге көп мөлшерде 
электролиттер және су сіңіруші заттар (қант шырыны, спирт, глицерин) 
қосқан кезде жүреді. Тұзданудың алдын-алу үшін электролиттерді және су 
сіңіруші заттарды ЖМҚ ерітінділеріне аз мөлшерде араластыра отырып 
ерітінді түрінде қосу керек. 
Коацервация
- екі сұйық фазалардың түзілуі, біреуі - концентрлі 
ЖМҚ ерітіндісі, ал екінші - сұйылтылған ЖМҚ ерітіндісі. Коацервация 
ЖМҚ ерітіндісіне төмен молекулалы электролит (қарапайым коацервация) 
немесе жоғары молекулалы электролит (күрделі коацервация) қосқан кезде 
байқалады. 
Уақыт әсері
- сақтау кезінде ЖМҚ ерітінділері өздерінің аққыштығын 
жоғалтып, сілбіге 
айналады. 
Бұл 
ЖМҚ макромолекулаларының 
сольватацияланбаған бөліктерінің әрекеттесуі есебінен жүреді. Бастапқы 
сатыда бұл процесс қайтымды: сілбі температура, сілкілеу, араластыру 
әсерінен ерітіндіге өтуі мүмкін. Бұл құбылысты тиксотропия деп атайды. 
Сондықтан дәрілік түрді босатар кезде ескерту жазылымдары болуы керек: 
«Қолданар алдында қыздыр», «Қолданар алдында шайқа». 
Бұл процесс қайтымсыз күйге өтуі мүмкін, ол синерезис құбылысы, 
яғни еріткіштің сілбіден бөлінуі. Сондықтан ЖМҚ ерітінділерінің сақталу 
мерзімі 2 тәуліктен аспайды.
ЖМҚ ерітінділері салмақ-көлемдік концентрацияда 15.12.04 жылғы N 
142 «Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрық талабы 
бойынша дайындалады. Тек крахмал ерітіндісі салмақ бойынша 
дайындалады. 
ЖМҚ ерітінділерінің технологиясының сатылары: еріту, сүзу, орамдау, 
безендіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет