229
V
ж
= 150 мл; 150 : 15 = 10 қабылдау саны.
Рецепт бойынша
МФ бойынша
ЖРД: 5 мл : 10 = 0,5 мл
2 мл, (40 тамшы)
ЖТД: 0,5 мл х 3 = 1,5 мл
6 мл, (120 тамшы)
дозасы аспаған.
Дәрілік заттың және судың мөлшерін есептеу
Ассистенттік бөлмеде 8,3% хлорсутек
қышқылын сақтауға рұқсат
етілмейді, сондықтан сұйылтылған хлорсутек қышқылының ерітіндісін
дайындайды (1:10) 0,83%.
Хлорсутек қышқылы: 5 мл (8,3%) сұйылтылған (1:10) 50 мл
V
су
= 150 - 50 = 100 мл
Б.П.
Aquae purіfіcatae 100 ml
Solutіonіs Acіdі hydrochlorіdі dіlutі 1:10 50 ml
Pepsіnі 5,0
V
ж
= 150 мл
Технологиясы:
Пепсин протеолиттік фермент, белсенділігі рН =1,8-2 кезінде
байқалады, шамамен хлорсутек қышқылының 5% ерітіндісіне сай болады. Ыдысқа
100 мл
тазартылған суды өлшеп құйып, оған 50 мл 1:10 (0,83%) сұйылтылған
хлорсутек
қышқылының ерітіндісін қосады, араластырып, 5,0 г пепсинді
ерітеді (әлсіз қышқылда пепсиннің белсенділігі жойылмайды).
Ерітіндіні
көлемі 200 мл босататын құтыға мақта тампоны арқылы немесе шыны фильтр
арқылы сүзіп құяды, себебі пепсин қышқылды ортада,
ақ зат амфотерлік
қосылыс ретінде оң заряд көрсетіп, қағаз фильтрде адсорбцияланады, ал қағаз
гидролизденіп, теріс заряд көрсетеді. Құтыны тығындап, босатуға безендіреді.
Негізгі этикетка: жасыл түсті «Ішуге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде
сақта», «Қолданар алдында шайқа».
Достарыңызбен бөлісу: