Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет171/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Колларгол ерітіндісін дайындау. 
Келесі коллоидты қорғалған препарат - 
колларгол жасылдау немесе көкшіл-қара пластинкалар, металдық жылтыры бар, 
коллоидты ерітінді түзе суда ериді. Колларголда 70% күміс тотығы және 30% 
дейін лизальбин және протальбин қышқылдарының натрий тұздары бар (ЖМҚ). 
Rp.: 
Solutіonіs Collargolі 0,2% - 100 ml
D.S.
Жараны жууға
Есептеу: 
Колларгол 0,2 
Тазартылған су 100 ml 
Б.П. 
Aquae purіfіcatae 100 ml 
Collargolі 0,2 
V
ж.
= 100 ml 
Технологиясы:
Фарфор келіге 0,2 г колларголды салып, тазартылған 
судың аз мөлшерін қосады. Содан соң келсаппен араластыра отырып, судың 
қалған мөлшерін қосады, керек болған жағдайда мақта арқылы қоңыр түсті 
құтыға сүзеді. Тығындап, безендіреді: негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту 
этикеткалары «Балалардан сақта», «Жарықтан қорғалған жерде сақта». 
Ихтиол ерітіндісін дайындау. 
Ихтиол - табиғи қорғалған коллоид - 
битуминозды сланецтардың құрғақ айдалған өнімі. Өзінің химиялық табиғаты 
бойынша ихтиол сланец майының сульфоқышқылының аммоний тұзы. 
Коллоидты гидрофобты бөлігі - тиофен, сульфоихтиол қышқылының 
аммоний тұзымен қорғалған. Ихтиол - қара, тұтқыр сұйықтық, сумен және 
глицеринмен жеңіл араласады. 
Есептеу:
 
Rp.: Іchthyolі 5% - 200 ml
Ихтиол
5 – 100, 
D.S.
Компресс үшін 
х – 200 
х = 10,0 
Тазартылған су 200 ml дейін 


236 
Б.П. 
Іchthyolі 10,0
Aquae purіfіcatae ad 200 ml 
V
ж.
= 200 ml 
Технологиясы:
10,0 г ихтиолды фарфор табақшада келсап көмегімен 
судың аз мөлшерінде ерітеді, біртіндеп араластыра отырып, суды қосып, 
ерітіндіні мөлшерін өлшегіш ыдысқа құйып 200 мл жеткізеді. Ерітіндіні дәке 
арқылы босататын құтыға сүзіп, тығындап, безендіреді.
 
Rp.: Іchthyolі 2% - 150 ml
Glycerini 10,0 
D.S.
Тампон үшін
Есептеу:
Ихтиолдан 2 – 100 мл 
х – 150 мл
х = 3,0 
Тазартылған судан 150 – 3,0 = 147 мл (судың тығыздығы 1 тең) 
Глицериннің көлемі 10/1,224 = 8,2 мл 
Ерітіндінің жалпы көлемң 150 + 8,2 мл = 158,2 мл 
Б.П. 
Glycerini 10,0 
Aquae purіfіcatae 147 ml 
Іchthyolі 3,0
V
ж.
= 158,2 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет