Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет190/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Технологиясы:
10,0 г тәтті бадам дәндерін, алдын-ала қабығынан ыстық 
сумен мацерациялау арқылы тазартып, келіге салады. Оны 20 тамшы сумен 
(массаның 1/10 бөлігі - 1 мл) біртекті масса алынғанша майдалайды. Біртіндеп 
судың қалған мөлшерін қосады. Эмульсияны алдын-ала тарирленген босататын 
құтыға екі қабат дәке арқылы сүзеді. Салмағын қажет болған жағдайда 100,0 г 
дейін сумен жеткізеді. 
Эмульсияларды қағаз фильтр арқылы фильтрлеуге болмайды, себебі ол май 
тамшыларын ұстап қалады. 
Босататын құтыға 5 тамшы опий қарапайым тұндырмасын тамызады, 
тығындап, гофрирленген қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргірлейді, босатуға 
безендіреді,. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде 


259 
сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта», «Абайлап қолдан». 
Сигнатура жазылады. Рецепт, есеп үшін, дәріханада қалдырылады. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
Rp.: Emulsі semіnum Cucurbіtae 50,0
D.S.
1 аc қасықтан күніне 3 рет 
 
Есептеу:
(1:10)
1 – 10
х = 5,0 асқабақ дәні 
х – 50
1 мл – 20 тамшы 
0,5 мл су
0,5 мл – x
x = 10 тамшы 
V
су
= 50,0 - (5 + 0,5) = 44,5 ml 
Б.П. 
Semіnum Cucurbіtae 5,0 
Aquae purіfіcatae 45 ml 
m
ж.
= 50,0 
Технологиясы:
Дәндерді қатты қабығынан тазалап, жұқа жасыл 
қабығын қалдырады. Тазартылған шикізаттың 5,0 г өлшеп алып, келіге 
салады. Оған 10 тамшы су қосып, біртекті масса алынғанша ысқылайды. 
Судың қалған мөлшерін 44,5 мл бөлшектеп қосады, босататын құтыға 
ауыстырып, құяды. Асқабақ дәндерінен алынған эмульсияны сүзбейді, себебі 
фармакологиялық қасиеті бар жұқа жасыл қабығы сүзгіде қалуы мүмкін. 
Салмағын қажет болған жағдайда 50,0 г дейін сумен жеткізеді. Тығындап, 
безендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет