388
олардың жоғары тұтқырлығы инъекцияның ауырсынуы, майдың қиын сіңірілуі
және енгізген жерде гранулеманың түзілуі.
Кейбір дәрілік заттардың майлардағы ерігіштігі қосымша еріткіштер
(бензил спирті, бензилбензоат және басқалар) қосу арқылы артады.
Алша, алқор, өрік, шабдалы дәндерінен қыздырусыз престеу арқылы
алынатын, майлар жиірек қолданылады. Шабдалы майы (Оleum Persіcorum) –
мөлдір ашық сары түсті, иіссіз немесе әлсіз өзіне тән иісі, жағымды майлы дәмі
бар сұйықтық.
Абсолютті спиртте ериді, эфирде, хлороформда жеңіл ериді.
Майлар камфораның, дезоксикортикостерон ацетатының, диэтилстильбэстрол
пропионатының,
ретинол ацетатының, синэстролдың шаншуға арналған
ерітінділерін дайындау үшін қолданылады.
Зәйтүн майы (Оleum olіvarum) – сирегірек қолданылады. Оны зәйтун
ағашының жаңа жиналған жемістерінен қыздырусыз престеу арқылы алады.
Мөлдір, ашық сары немесе алтын сияқты сары түсті сұйықтық,
иіссіз немесе
өзіне тән әлсіз иісі бар. Ол 20% камфора және 2% синэстрол ерітінділерін
дайындау үшін қолданылады.
Этилолеат (Etіylіі oleas). Қанықпаған майлы қышқылдардың этанолмен
күрделі эфирі. Ол ақшыл сары түсті сұйықтық суда ерімейді, этанолмен,
өсімдік майларымен барлық қатынаста араласады.
Этилолеаттың өсімдік
майларға қарағанда артықшылығы бар: еріткіштік қасиеті жоғары, тұтқырлығы
төмен, жеңіл енеді, жақсы сіңіріледі. Этилолеатта витаминдер, гормондар
ериді. Сонымен бірге этилолеат майлы ерітінділерге
дәрілік заттардың
ерігіштігін арттыру және ерітінділердің тұтқырлығын төмендету үшін қоспа
ретінде қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: