497
Қорғасын суы 2 бөлік негізгі қорғасын ацетаты ерітіндісінен және 98
бөлік судан тұрады және ортасы сілтілі реакциялы. Ол этакридин
лактатымен әрекеттесіп, этакридин лактаты негізінің тұнбасын түзеді.
Жерсілтілі металдар тұздарының
тобына кальций хлориді және
магний
сульфаты
жатады.
Кальций
хлориді
карбонаттармен,
салицилаттармен, сульфаттармен, фосфаттармен (ерімейтін немесе қиын
еритін кальций тұздары тұнбаға түсуі мүмкін); қорғасын, күміс (ерімейтін
хлоридтер түзілуі мүмкін) тұздарымен сыйымсыз; барбитал-натриймен -
аз еритін барбиталдың кальций тұзын түзеді.
Rp.:
Іnfusі herbae Leonurі ex 10,0:200 ml
Calcіі chlorіdі 20,0
Natrіі salіcylatіs 5,0
M.D.S.
1 ас қасықтан жатар алдында
Кальций хлориді мен натрий салицилаты
әрекеттесіп кальций
салицилатының тұнбасы түзіледі:
2C
6
H
4
OHCOONA + CaCl
2
Ca(C
6
H
4
OHCOO)
2
+ 2NaCl
Rp.:
Solutіonіs Calcіі chlorіdі 10
Solutіonіs Magnіі sulfatіs 5
ana 100 ml
M.D.S.
1 ас қасықтан күніне 2 рет
Кальций сульфатының тұнбасы түзіледі:
CaCl
2
+ MgSO
4
CaSO
4
+ MgCl
2
Rp.:
Codeіnі phosphatіs 0,2
Natrіі bromіdі 8,0
Glucosі 10,0
Solutіonіs Calcіі chlorіdі 10
200 ml
M.D.S.
1 ас қасықтан күніне 2 рет
Кальций хлориді мен кодеин фосфатының әрекеттесуі нәтижесінде
кальций фосфатының тұнбасы түзіледі:
2C
18
H
21
O
3
N× H
3
PO
4
+ CaCl
2
2C
18
H
21
O
3
N× HCl + CaHPO
4
Егер кодеин фосфатын кодеинге алмастырса, тұнба түзілмейді.
Органикалық заттар гидролизі. Күрделі эфирлер сумен RCOOH
қышқылын және спиртті немесе R
1
OH фенолын түзе
отырып
әрекеттесетіндігі белгілі.
RCOOR
1
+ H
2
O RCOOH + R
1
OH
498
Мысал ретінде келесі рецепті қарастыруға болады:
Rp.:
Atropіnі sulfatіs 0,05
Natrіі tetraboratіs 0,5
Aquae purіfіcatae 10 ml
M.D.S
. 2 тамшыдан екі көзге
Сілтілі ортада атропин сульфаты тропинге және троп қышқылына
гидролизденеді. Дәрігер келісімімен натрий тетраборатын бор қышқылына
алмастырған жөн.
Жүрек гликозидтері қышқыл және сілті ортада, сонымен қатар
тотықтырғыштар
қатысында тұрақсыз, белсенді емес немесе белсенділігі
төмен заттар түзе отырып гликозид молекуласының лактонды сақинасы
ашылуы мүмкін. Бұл реакция сырт көзге көрінбей жүреді.
Rp.:
Іnfusі herbae Adonіdіs vernalіs 6,0 180 ml
Lіquorіs Ammonіі anіsatі 4 ml
Natrіі hydrocarbonatіs 3,0
M.D.S.
1 ас қасықтан күніне 2 рет
Натрий гидрокарбонаты және мүсәтір анис тамшысы әсерінен
жалынгүл шөбі тұнбасынан жүрек гликозидтері гидролизденеді.
Шаншуға арналған ерітінділерде строфантин К панангинмен,
гексозофосфатпен, гепаринмен, димедролмен, коразолмен, эуфиллинмен
және глюкозамен сыйымды екендігі физика-химиялық
және биологиялық
әдістермен дәлелденген. Құрамында 1 мл 0,05% строфантин К ерітіндісі, 10
мл 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 20 мл 20% глюкоза ерітіндісі бар ерітіндіні 1
апта сақтаған соң гликозидтің сілтілі гидролиз өнімі пайда болады.
Бензилпенициллиннің калий тұзы өте тұрақсыз
-лактамды сақинасы
бар тиазолидин туындысы болып табылады.
Rp.:
Solutіonіs Ephedrіnі hydrochlorіdі 3 % 10 ml
Benzylpenіcіllіnі-kalіі 200 000 ED
M.D.S.
3 тамшыдан күніне 3 рет
Бензилпенициллин 4 сағаттан соң 30-40% инактивацияланады.
Бензилпенициллин сонымен қатар, тотықтырғыштар,
ауыр метал
тұздары, этанол қатысында бұзылады. Сұйық дәрілік түрлер мен жағар
майларда бензилпенициллин глицеринмен, нафталанмен, резорцинмен,
мырыш
тотығымен, тиаминмен, адреналин гидрохлоридімен, эфедрин
гидрохлоридімен, йодпен, йодидтермен сыйымсыз.
Достарыңызбен бөлісу: