132
заттарға сәйкестігі тексеріледі. Бір ұнтақ салмағының ауытқу нормасына сай
келуі анықталады. Ұнтақтың біркелкілігі
жинақталған келідегі ұнтақ
қоспасына келсапен із қалдыру арқылы (25 см қашықта қарусыз көзбен
қарағанда көрінетін бөлек бөлшектер болмауы керек) анықталады.
Сусымалдылығы бір капсуладан екінші капсулаға төккенде,
капсулаға
жабыспай кесектелмеуі керек. Орамдалуын және безендірілуін тексереді.
Еңбек өнімділігін арттыру, жоғары сапалы дәрілік препараттармен
қамтамасыз ету және тез дәрілік көмек көрсету
мақсатында ұнтақтардың
барлық технологиялық сатыларын жетілдіру керек.
1.
Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында - екі немесе одан көп дәрілік
заттардан тұратын қоспа жартылай фабрикаттарды қолдану.
2.
Кіші механизация құралдарын енгізу (майдалау, араластыру,
дозалау
үшін).
3.
Ұнтақтардың сақталу мерзімін, фармакологиялық әсерін белгілі жерге
жинақтау үшін әртүрлі капсулаларды қолдану.
4.
Дәрілік заттардың сыйымсыздығын
алдын алу мақсатында ұнтақ
құрамына қосымша заттарды енгізу.
Бақылау сұрақтары:
1.
Ұнтақтарға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіздер?
2.
Басқа дәрілік түрлермен салыстырғанда ұнтақтардың артықшылықтары
мен кемшіліктері қандай?
3.
Құрамы мен қолданылуы бойынша ұнтақтар қалай жіктеледі?
4.
Ұнтақтардың технологиялық сатыларына сипаттама беріңіздер?
5.
Ұнтақтарды босатудың бөлінетін және бөлінген әдістерін салыстырыңыз?
6.
Жәй (қарапайым) ұнтақтарды алу технологиясы?
7.
Күрделі ұнтақтарды дайындау кезінде ингридиенттерді араластыру
тәртібіне қандай факторлар әсер етеді?
8.
Ұнтақтар технологиясында тритурацияны қолданудың қажеттілігі неде?
9.
Итжидектің құрғақ, қою экстрактарын және
қою экстракт ерітіндісін
ұнтақтар технологиясында қолданудың салыстырмалы артықшылығы
неде?
10.
Құрамында қиын ұнтақталынатын заттары бар ұнтақтар технологиясында
этанолды не үшін қолданады?
11.
Ұнтақтардың технологиясын жетілдіру қажеттілігін немен түсіндіруге
болады?
Достарыңызбен бөлісу: