66
қызығушылығын, аналитикалық ақыл-ойды және басқа да жеке қасиеттерді
дамыту аса маңызды болып табылады.
Балабақшадағы құрастыру бұрыннан бар, алайда егер бұрын
конструктивті ойлау мен ұсақ моториканы дамытуға басымдық берілсе, енді
жаңа стандартқа сәйкес жаңа тәсіл қажет. Балабақшадағы құрастыру іс-әрекеті
барлық жастағы балалармен ойын түрінде өткізіледі және қарапайымнан
күрделіге дейін жүзеге асырылады. Құрастыру іс-әрекеті – бас пен қолды
бірдей жұмыс істеуге талпындырады, сонымен бірге мидың екі жарты бөлігі
бірдей жұмыс істейді, бұл баланың жан-жақты дамуына оң әсер етеді.
Бала
құрастыра отырып, ауызша санауды, санның құрамын қалай меңгергенін,
қарапайым арифметикалық амалдарды орындайтынын, әр кезде еріксіз
жағдайлар туындайтынын байқамай қалады. Ол өзінің тапқан «қазынасы»
туралы бәрінің білгенін қалайды, ендеше баланың сөйлеу тілінің дамуы мен
оңай және еркін көпшілік алдында сөйлей білу дегеніміз осы емес пе?
Конструктивті іс-әрекет мектепке дейінгі тәрбиеде маңызды орын алады
және күрделі танымдық процесс болып табылады, нәтижесінде балалардың
зияткерлік дамуы жүзеге асады: бала практикалық білімді игереді, маңызды
белгілерді анықтауға, бөлшектер мен заттар арасында қатынастар мен
байланыстар орнатуға үйренеді. Көптеген жағдайларда практикалық
зерттеулерде GIGO конструкторлар «инженерияға дейінгі ойлауды»
қалыптастыру әдісі ретінде ұсынылады. «Инженер алдындағы ойлау» деген
ұғымды Л.И.Миназова енгізді. «Инженерияға дейінгі ойлау» құрылымына
рационалды, сезімтал-эмоционалды және аксиологиялық элементтер, есте
сақтау, қиял, қабілеттер және т. б. кіреді.
Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі даму жағдайы бірқатар
өзгерістерге ұшырады. GIGO конструкторлары – бүгінде белгілі және кең
таралған педагогикалық жүйелердің бірі болып табылады. GIGO
конструкторын қолданудың артықшылығы мен болашағын оның білім
берудегі жоғары мүмкіндіктерімен түсіндіруге болады: әмбебаптығы,
техникалық және эстетикалық сипаттамалары, әртүрлі ойын және оқу
аймақтарында қолданылуы. Сонымен бірге, GIGO конструкторларды
қолданудың артықшылығы ретінде – оның
Достарыңызбен бөлісу: