73
мектебінен қоғам қайраткерлері, ғалым-ұстаздар Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов білім алады.
Бүгінде, Ыбырай Алтынсарин салған сара жол өсіп-өркендеген,
экономикасы мен мәдениеті дамыған Тәуелсіз Қазақстан Республикасының
білім ошақтарында жалғасын табуда.
Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін
салушы, прозашы, және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің
негізін қалаушы деп те таниды. Әрбір болыстықта ашылған мектептердің
бірінші бөлімінің оқыту бағдарламасы барлық ауыл мектептерінде болуын
мақсат тұтты және оған қол жеткізе білді. Ұлт ұстазы – қазақ қоғамының
сауатын ашу тек бастауыш деңгейінде қалып қоймауын көкседі.
Кемеңгер ағартушы, «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы бетіне өзінің
өнер білімге шақырған өлеңі «Кел, балалар, оқылықтың» алғашқы шумағынан
басталды. Ы. Алтынсариннің қысқа әңгімелері арқылы, ол жас шәкірттерді
адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, еңбекке, шындыққа,
әдептілікке, сабырлылыққа, зейінділікпен білімді меңгеруге бастайды. Оның
шағын әңгімелерінің ерекшелігі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін мысалға
ала отырып, кейінгі ұрпақтың өсіп жетілуіне ықпал ете білген.
Ы.Алтынсариннің «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Малды пайдаға
жарату» әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлылық пен
шыдамдылық секілді қасиеттерді бала бойына сіңдіру мақсатына бағытталған.
Кейбір әңгімелерінің легі табиғат құбылысы мен оған адамның көзқарасын
ашуға бейімделген. Осы арқылы жастардың көңіл көкжиегін кеңейтіп,
санасын өсірген. Олардың көпшілігі жан-жануарлар тіршілігінен алынып
жазылғандар. Мысалы, «Түлкі мен ешкі», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен
қарға» т.б Балалар табиғатына ыңғайлы, қазақ тыныс-тіршілігіне
орайластырып жазған шығармаларының орны елеулі.
Айтыс өнеріне ұқсас «Жан-жануардың дауласқаны», «Байұлы»,
«Сәтемір хан», «Жәнібек батыр», «Оқудағы балалардың үйіне жазған хаты»
секілді туындыларында балаларды тапқырлыққа, шешендікке баулуды мақсат
етеді.
Бүгінгі
педагог
қауымы
ағартушы-педагог
Ы.Алтынсариннің
шығармаларын өз жұмыстарында үнемі басшылыққа алып келеді.
Ы.Алтынсариннің қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін
көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Біз үшін
ұлы ағартушы –педагогтің, ұлт ұстазының еңбектері мәңгі өшпейтін мұра
болып қалмақ
Достарыңызбен бөлісу: