76
-
көркем әдебиетке 36 сағат, әдебиеттануға-18 сағаттан қарастырылған
Педагогқа арналған жұмыс дәптерінде қосымша:
-
ою картасы, ою-өрнектердің атауы
-
түстерге сәйкестірілген ою мағыналар картасы
Дәптерлердің ерекшелігі мен құндылығы:
-
бала шарт белгілеріне қарап өздігімен тапсырманы орындайды
-
екі пәннің дәптеріндеде де шарт белгілері бірдей, сондықтан бала
шатаспайды.
Мысалы: «құс қанаты» оюын алатын болсақ, оны балалар тірек суретке
қарап алдымен түрімен танысады, сонан кейін ою картасынан сәйкес құстың
бейнесін тауып түсін анықтап мағынасын табады. Бұл оюдың түсі – көк және
де бірнеше мағына береді-құстай болып самғау, биіктен көріну, ұшқан құс,
және бірнеше құстың түрлеріне келтіруге болады. Осылайша келтіріп өз
беттерінше тақпақтарды, мақалдарды оңай оқи алады, ою картасын пайдалана
отырып бала өздігімен жаттап, ертегілерді мазмұндап та алады.
Шығармашылық тапсырмалар балалардың ойлануға, салыстыруға,
қорытынды жасауға құрылған. Өлеңдерді, мақалдарды, ертегілерді ою-өрнек
түрлерімен құрастыруға және оның мазмұнын ұлттық ою-өрнек арқылы
қалыптастырады. Көркем шығарманың жанрын ажыратып, ою -өрнек
түрлеріне сәйкестіріп, оқиғаны болжауға және рөлге бөліп орындауды
үйренеді. Ата-бабамыздан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап,
барынша ұлықтауымыз қажет. Ою тілін түсініп, ою-өрнектерді «сөйлетіп», ою
арқылы ойымызды білдіруге болады, сондықтан ұлттық тәрбиенің
элементтерін баланың дамуы сатысында қолдану өте маңызды
Достарыңызбен бөлісу: