Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет54/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

Мінездеме
 
Мінездеме –
белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық біліктілік, кәсіптік, 
адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтын құжат. Мінездеме А4 форматты параққа 
жазылады. Көлемі бір беттен аспауы керек. Мінездеме талап етілген жеріне байланысты 
қызметтік мінездеме, аттестациялық мінездеме жіне жеке (функциональды) мінездеме болып 
бөлінеді.
Қызметтік мінездеме –
мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. 
Қызметкерді обьективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Мінездеме 
қызметкерді басқа бір вакакнсияға я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. 
Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез
-
қасиеттері, кәсіптік 
шеберлігі айтылады.
Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына 
лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестация қорытындысына орай 
жазылады. Оған «атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке 
ұсынуға лайық» немесе «атқарып отырған қызметіне лайық емес» деген сияқты түінді сөздер 
жазылады.
Жеке (функциональды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, 
шеберлігін, икемділігін, т.б. қасиеттері туралы жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме 
не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін», т.б.
Мінездеменің құрылымы:
-
тақырыбы;
-
мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
-
негізгі мәтін;
-
қорытынды;
-
мінездемені талап етуші ұйымның аты;
-
мінездеме берілген мерзім;
-
мінездеме берушінің қызметі, аты
-
жөні, қолы;
-
қосымша.
Үлгі: 
 


45 
Мінездеме
 
(аттестациялық)
Көкшетау тыныс алу аппараттарын жасау зауытының инженер
-
конструкторы Мұрат 
Асхатұлы Әлиевке.
1968 жылы туған. Білімі –
жоғары. 
Әлиев Мұрат Асхатұлы Көкшетау тыныс алу аппараттарын жасау зауытының 
конструкторлық бюросында 1992 жылдан бастап еңбек етуде. 
Осы жылдар ішінде қатардағы инженерден бөлім меңгерушісі қызметіне дейін 
көтерілді. Жаңашылдық ұсыныстары бар бес мақаласы ғылыми жинақтарда жарық көрді. 
Білімді, іскер, ізденімпаз. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Ұжымдағы қоғамдық және 
мәдени шараларға белсене араласады. 
Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген. Үш баласы бар. 
Атқарып жүрген қызметіне лайық.
Мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет